Мазмұнға өту

Бозаншы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Бозаншықазақ халқының ежелгі саз аспабы. Шанағы шөміш тәрізді, мойны ұзынша, жіңішке, пернесі жоқ, 4 қыл ішекті, ұзындығы 1 м. 20 см, ысқымен ойналады. Ел арасындағы «боздап қалғыр бозаншы» дейтін мәтел бұл аспаптың үнінен хабар береді. Бозаншы түркі тектес халықтардың көбінде өз атауымен сақталған. Мысалы Тыва, Хақас, Алтай республикаларында бұл аспап "Бызанчы" деп аталады. Бозаншының жалғыз үлгісі Қазақтың халық музыка аспаптары мұражайында сақтаулы.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8