Блог
Блог (ағылш. blog, web log дегеннен, «желі журналы не оқиға күнделігі») — үнемі үстелінетін ұзын емес жазбалардан, суреттерден, таспалардан тұратын мәнді мағлұматы бар торап.
Блогшы деп блог жетекшілерін атайды. Ғаламтордағы барлық блогтар жиынтығын блогосфера дейді.
Авторлық құрамына байланысты блогтар топтық және дербес (корпоративтік, клубтық) және қоғамық (ашық) болып бөлінеді. Құрамы бойынша - тематикалық және бірегей. Блог қолданушыларға бір тақырыпқа өз пікірлерін (комментарийлерді) қалдыру блогтарға тән қасиеті бар. Ол блогтарды желілік қарым-қатынас ортасын істейді және оның чат, веб-форум, жаңалықтар тобы және электронды поштасынан біршама артылықшылықтары болады.
Блогтардың түрлері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Авторлары бойынша
- Дербес (авторлық, жеке) блог – жеке бір адамдармен жүргізіледі (ереже бойынша оның иесімен).
- «Елес»( «Призрачный») блог – аты анықталмаған адамның бөтен адамның атынан блогты жүргізу.
- Корпоративтік блог – бір серіктестіктің қызметкерлердің блогы жүргізілуі.
- Тематикалық бағыты бойынша
Көп жағдайда дербес блогтар жеке сипатқа ие болады. Бірақ коллективтік және корпоративтік орталардағыдай дербес блог орталарының мамандырылған, яғни белгілі бір өмір сфераларына арналған блогтар болады:
- Саясат – саясатқа арналған блогтар. Әдетте саяси блогтарды көшбасшылар саяси партиялар мен саяси бірлестіктердің бірлестіктері, саясаткерлер жүргізеді.
- Тұрмыс – әдетте бұл адамдар арасындағы қарым қатынас проблемеларын, психологияны, үй шаруашылығын жүргізу - яғни «тұрмыс», «жеке өмір» түсініктерімен байланысты проблемаларды қарастыратын блогтар.
- Саяхат – белгілі бір елде өз-өзін қалай ұстау туралы кеңес беретін және басқа ұлттардың салт-дәстүрлері туралы айтатын авторлардың өзінің сапарларынан алған әсерлерімен бөлінісетін блогтар.
- Білім – білім тақырыбына арналған блогтар. Әдетте ол белгілі бір оқу орындарының блогтары. Бұл блогқа қатысушылар білім беру процесін, білім проблемаларын қарастырады.
- Сән – сән әлеміндегі жаңалықтар, трендтер, сәнді көрсетілімдерін талқылайтын блогтар. Бұл блогтарда мамандардың пікірлерін, стилистердің кеңестерін және сәнге құмар адамдардың пікірлерін оқуға болады.
- Музыка – авторлар өзінің музыкалық сүйіспеншілігін, музыкалық әлемдегі жаңалықтарды талқылайтын блогтар. Музыкалық блогтар – белгілі бір музыкалық бағытқа арналуы мүмкін және әртүрлі музыкалық жанрлар мен стильдерді жарыққа шығарады.
- Мультимедияның түрі бойынша
- Мәтіндік блог – негізгі мазмұны мәтін болып табылатын блог.
- Фотоблог – негізгі мазмұнын фотографиялар құрастыратын блог.
- Музыкалық блог – негізгі құрамы музыка құрастыратын блогтар.
- Подкаст және блогкастинг – негізгі мазмұны МР3-файл түрінде қаланатын блогтар.
- Видеоблог – негізгі мазмұны видеофайл түрінде көрсетілген блогтар.
- Мазмұндық ерекшеліктері бойынша
- Контенттік блог – бастапқы авторлық контентті баспаға шығаратын блог.
- Мониторингтік (сілтемелік) блог – негізгі контенті басқа сайттарға комментарийдан өткен сілтемелер болып табылады.
- Дәйексөз блогы – негізгі контенті басқа блогтардан алынған дәйексөздер болып табылады.
- Тамблелог - негізгі контентінде аса маңызды ақпарат болмайтын, қойын кітапшасы секілді блогтың шағын түрі. .
- Сполг-спам-блог.
- Техникалық негізі бойынша
- Stand alone блогы – жеке хостингтегі немесе қозғалтқыштағы блог.
- Блог-платформадағы блог – блог-қызмет күшімен жүргізілетін блог.
- Моблог – құрамында ұялы және портативтік құралдары орналасқан контенті бар ұялы уеб-блог.
Блогтардың функциялары және қатысу ынтасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Блогтарды оқу мен авторлық – мазмұны бойынша екі әртүрлі процесс деп есептеу керек. Өзінің жеке блогынан тыс контекст жүргізу блогтарының коммуникативтік мүмкіндіктерімен пайдаланатын адамдар, тікелей байланысуға мүмкіндіктері жоқ адамдармен, мысалы, басқа қалаларда тұратын жолдастармен, қарым-қатынастарды белгілейді. Блогтарда пайдаланылатын хабарламалардың альтернативтік экономикасы, қарым-қатынастың мұндай формасын ыңғайлы етеді, өйткені ол міндетті өз аралығын және «бірде-бір» шектелген қарым-қатынастарды қарастырады.
Евгений Горный өз баспасында туыстармен байланысты қолдаудан басқа мақсаттарды да анықтаған:
- Ақпаратты алу
- Оқу-көңілдену
- Белгілі бір іс-әрекетке байланысты көпшіліктің реакциясын қадағалау.
- Әлеуметтену үшін, өзін әйгілі адамдар өміріне қатыстылығын сезіну үшін оқу.
2005 жылы жүргізілген Livejournal блогтерлердің сауалнамасы іс жүзінде, блогтардың келесі функциялары ерекшеленген.
- Коммуникативтік функция
Коммуникативтік функция кең түрде таралған. Көптеген блогерлер айтуы бойынша, олар блогтарды қызықты адамдармен қарым-қатынас жүргізу үшін оқиды немесе жүргізеді деп айтады. Ең алдымен ол өз ойын көпшілік есту үшін айту мүмкіндігі. Ондаған таныстарға өзінің қала шетінде тұрған саябаққа барғаны туралы айтудың мағынасы неде? Егер оны блогта сипаттап, суретті сипаттау мүмкіндігі болғанда. Олардың әрқайсысы ол туралы олар үшін ыңғайлы уақытта оқи алады. Бірақ мұндай жағдай қарама-қарсы проблемаларды туғызады. Яғни, екі блогерлердің нақты өмірде кездескен кезде олардың фантазиясы болмай, олармен әңгімелесуі қызықтырмайтын кезде.
- Өзін-өзі таныстыру функциясы
Бірнеше респонденттер басында дербес сайтты құруды ойлаған, бірақ блогты жүргізуі қанша жеңіл болғандықтан, бұл ақпаратты баяндау өз жайлы болды. Авторлардың шығармашылығын талқылау және баспаға шығаруға арналған блогтар кластары бар, бірақ кәдімгі күнделіктің де автордың дербестілігі туралы ақпараты бар. Көптеген блогерлер «басқалар мені оқу үшін күнделікті жүргіземін» деп айта алады.
- Көңілдену функциясы
Көптеген адамдар блогтарды жүргізіп, блогты оқуды және комментарийлерді талқылауды көңіл көтеру уақыты ретінде пайдаланады. Әсіресе, егер олар интернеттен басқа көңіл көтеру құралдарынан шектеліп, бос уақыты көп болған кезде. Кейбір пайдаланушылар блогтарды бос уақытты өткізу үшін пайдаланады, ал басқалары, керісінше, уақыт жетіспеушілікке байланысты толық қарым-қатынас үшін пайдаланады.
- Ғұмырнама функциялары
Әдеттегі күнделік сияқты , блог жаңа функциялардан басқа мемуаллар функциялар жүргізуші ретінде бола алады. Ол болшақта пайда болатын белгілі бір жазу орны болып табылада.Бұл функцияны пайдаланатын респонденттер, күнделікті өз үшін пайдаланады беп айтады. Яғни, белгілі бір оқиғаны ұмытпас үшін, оны жазып, кейінірек оны оқу мақсатында жүргізеді.
- Рефлексия мен өздігінен даму функциясы
Блогерлердің өзге «МЕН» сипатын құрастыруға мүмкіндік берумен байланысты функция. Кейбіреулері күнделіктің жариялылығы оны әрі қарай жүргізуді мәжбүр еткізеді, сонымен қатар өзінің ойларын дұрыс құрастыруды үйренуге мүмкіндік береді, бұл жағдай олармен болған оқиғаларды жақсы түсінуге көмектеседі.
- Психотерапевтік функциясы
Блогтың психотерапевтік функциялары еске салуы кездеседі. Ол алдын-ала болжанған немесе эмоцияларды сыртқа шығару, қияларды айту, жүйке жүйесін қалпына келтіру, жазуларын жүргізу процесінде негізделген. Дәстүрлі кунделіктің бұл функциясы көптеген авторлармен айтылып және ол жаңа формаға және жаңа мүмкіндіктерге ие болуы мүмкін. Егер livejournal пайдалунышалрдың қоғамдастықтағы тұрақты диалогтар мазмұнын қарастыратын болсақ, бұндай транзакциялар қарым-қатынастың ең танымал формасы болып табылады, бір тұтынушы өмірге шағымдалса, онда басқалары оны жұбауратады.
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]• 1992 жылы Тим Бендерс-Ли парағын «Washington Profile» газеті ең бірінші блог деп санайды.
• 1996 жылы блогтардың кең таралуы болды.
• 1999 жылының тамызында Сан-Франциско қаласындағы Pyra Labs компьютерлік компаниясы Blogger сайтын ашты. Бұл ең бірінші тегін блогтық жүйе болып саналды. Содан кейін 2003 жылдың ақпанында Google компаниясы Blogger-ді сатып алды.
• Ақпараттың төгілудің қайнар көзін ашуға талап еткен және компанияның ресми түрде жарияланбаған тауарлары туралы айтқаны үшін 2004 жылы блогерлерді сотқа берген Apple компаниясы екі жылдан соң сот процесінен жеңілді. Тілшілер секілді, ақпараттардың қайнар көзін жария етпеу туралы блогерлердің де құқықтары бар екендігін 2006 жылы сот шешімі қабылданды.
Сипаттары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Блогтың негізгі сипаттары:
- Блогтағы хабарлар хронологиялық тәртіпте орналасады.
- Блогты негізінен бір адам бірінші жақтан жазады.
- Блогта басқа тораптарға (блоггерге қызықты) сілтемелер табылады.
- Блогта негізінен RSS арнасы болуы тиіс.
- Блог жиі жаңарып тұрады — күнде немесе аптасына бірнеше рет.
- Блогта хабарларға пікір қалдыруға болады.
- Блогта «блогролл», яғни басқа блогтарға сілтеме болады.
- Блог арқылы оның авторы туралы көзқарас қалыптастыруға болады.
- Блогты негізінен әуесқойлар жүргізеді (кәсіби журналистер немесе жазушылар емес). Бірақ кейде олар да кездеседі.
Техникалық негізі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Блогтардың шектеулері және техникалық мүмкіндіктері, желілік технологиялардың ортақ толығымен анықталады. Бағдарламалық қамсызданудың бар болуы блогты жүргізуді жорамалдайды да, «Бүкіләлемдік торда» кәдімгі қолданушының жаңа жазуларды енгізуге мүмкіндік береді. Жүйенің мазмұнымен басқарудың жеке түрі және бұл бағдарламалық қамсыздандыру блогтың «қоғалтқышы» болып саналады.
Блогтардың қасиеттері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]ҚазНет блог-тұғырнамалары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- http://blogtime.kz Мұрағатталған 25 ақпанның 2015 жылы.
- http://aitaber.kz Мұрағатталған 1 ақпанның 2019 жылы.
- http://zhanaoi.kz Мұрағатталған 8 қазанның 2016 жылы.
- http://kerekinfo.kz
- http://kazjur.kz(қолжетпейтін сілтеме)
- http://qazaqblogger.kz(қолжетпейтін сілтеме)
- http://massaget.kz
- http://tumble.kz Мұрағатталған 21 сәуірдің 2013 жылы.
- http://teriskey.kz Мұрағатталған 10 қаңтардың 2014 жылы.
- http://on.kz Мұрағатталған 27 қаңтардың 2020 жылы.
|