Мазмұнға өту

Бекен Бәкенұлы Жылысбаев

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Бекен Бәкенұлы Жылысбаев
Туған күні

9 мамыр 1923 (1923-05-09)

Туған жері

Семей облысы, Шұбартау ауданы

Қайтыс болған күні

23 қараша 2015 (2015-11-23) (92 жас)

Қайтыс болған жері

Алматы

Мемлекет

 КСРО
 Қазақ КСР
 Қазақстан

Мамандығы

әнші, профессор

Ұжымдары

Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры

Марапаттары
Ленин ордені Құрмет белгісі Құрмет белгісі
медаль Ветеран труда

Бекен Бәкенұлы Жылысбаев (1923 жыл 9 мамыр Семей облысы Шұбартау ауданы Бірбет ауылы - 24 желтоқсан 2015 жыл) — әнші, Қазақстанның халық әртісі.[1]

Абақ Керей тайпасының Жастабан руынан шыққан.[2]

Әкесі - Жылысбай, ұжымшар жұмысшысы болған. А��асы - Қанымбала, ұжымшар жұмысшысы болған.

Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының вокал факультетін бітірген (1951), концерттік әнші, педагог.

Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының профессоры (1973 жылдан).

Кеңес әншісі (тенор) және педагог.

Концерттерде өнер көрсетеді, репертуарында - орыс, кеңес және шетел композиторларының шығармалары, халық әндері.

1951 жылдан - Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының солисі, жеке ән орындау оқытушысы; 1957 жылдан - жеке ән орындау кафедрасының меңгерушісі; 1973 жылдан - консерватория профессоры.

Алматы қалалық Халық депутаттары кеңесінің 6-шы шақырылым депутаты (1957).

Марапаттамалары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • 1955 жылы "Қазақ КСР Еңбек сіңірген артисі";
  • 1977 жылы "Қазақ КСР халық артисі" құрметті атақтарымен марапатталған;
  • Ленин, «Құрмет белгісі» (1948), екі мәрте Отан соғысы;

«Отан» ордендерімен (2004); «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске он жыл» (1955), «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске жиырма жыл» (1965), «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске отыз жыл» (1975), «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске қырық жыл» (1985), «КСРО Қарулы Күштеріне 50 жыл» (1967), «КСРО Қарулы Күштеріне 60 жыл» (1978), «КСРО Қарулы Күштеріне 70 жыл» (1988), «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске алпыс жыл» (2005) медальдарымен; ҚазКСР Жоғарғы Кеңес Төралқасының (1955, 1977, 1983), КСРО Орта және жоғары білім беру министрлігінің, Ағарту, жоғары мектеп және ғылыми мекемелер қызметкерлерінің Қазақстан республикалық кәсіподақ комитеті Президиумының (1980), Шешен-Ингуш АКСР Мәдениет министрлігі, Қазкеңескәсіподақ (1965) және т.б. құрмет грамоталарымен марапатталған.

Тұл ер. Жұбайы - Өмірбаева Нұрипа (1929-2003), Қазақ қыздар педагогикалық институтының кітапханашысы болып жұмыс істеген. Ұлдары -Жылысбаев Мақсат Бекенұлы (1950-1990), Жылысбаев Бекзат Бекенұлы (1953-2004); қыздары - Жылысбаева Ардақ Бекенқызы (1954 ж.т.), Жылысбаева Аида Бекенқызы (1962 ж.т.).[3]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Назарбаев Бекен Жылысбаевтың туыстарына көңіл айтты
  2. ШАҚАНТАЙ ШЕЖІРЕСІ( төртінші басылым ) | Kerey.kz/Керей.кз. Тексерілді, 16 қараша 2020.
  3. Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2