Бағдарламаны жөндеу
Бағдарламаны жөндеу (Отладка программы; program debugging) — бар екендігі тағайындалған бағдарламалық қателерді табу, анықтау, оңашалау және жоюдан тұратын бағдарламаны әзірлеу кезеңі.
Бағдарламаны жөндеу, әдетте, бағдарлама компиляцияланбағанда немесе дұрыс жұмыс істемегенде ғана орын алады. Синтаксистік қателер бағдарламаны компиляциялау процесінде анықталатын болады. Кейбір синтаксистік, соңдай-ақ мағыналық немесе семантикалық қателер бағдарламаны тестілеу процесінде анықталады. бағдарламалау жүйелерінде арнайы құралдар кездеседі. бағдарламаны жөндеуді түсініктеме беру режимінде бақылау нүктелерін тағайындауға, бағдарламаның жеке бөліктерін орындауға және операторлар жұмысының нәтижесін қарап шығуға мүмкіндік беретін жөндеуіштер іске асырады. бағдарламаға із салу өте тиімді, бірақ берілетін ақпарат көлемі мұқият жоспарланбағандықтан бағдарламалаушының реттеуге шамасы келмейтіндей жағдай болады. Алайда бағдарламалаушының бағдарламаны жөндеудің стандартты құралдарымен шешуі сирек жағдай. Дұрысы: бағдарламалау кезеңінде бағдарламаға алгоритмнің орындалу барысын, айнымалылар мен айнымалылардың мәндерін жаңғыртушы бағыныңқы бағдарламаларға қатынауды қадағалайтын бағдарламалық жөндеудің өзіндік құралдарын қарастыру жөне енгізу. Бұл жағдайда қателер үлкен дәлдікпен анықталады.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Информатика және компьютерлік техника. А. Қ. Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|