Батрахотоксин
Көрініс
Батрахотоксин (көне грекше: βάτραχος — «бақа», көне грекше: τοξίνη — «у») — белоксыз заттардан құралған табиғи күшті токсин болып есептелетін стероидті алкалоид. Химиялық формуласы — C31H42N2O6. Жапыраққа өрмелегіштер тобына жататын қысқа басты бақалар түрлерінің уының құрамында кездеседі. Батрахотоксин жүйке импульстерінің бұлшық етке берілу жүйесін əрі жүрек бұлшықетінің өткізгіштік қабілетін бұзады. Жануарлардағы батрахотоксиннің мөлшері 50 мг-ға дейін жетеді.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі.
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |