Батальон
Батальон (французша bataіllоn — әскери бөлімше) — құрлық, әуе-десант әскерлері мен теңіз–жаяу әскерлерінің негізгі тактикалық бөлімшесі. Ол мотоатқыштар, танк, парашютті-десант, аэромобиль, барлау, инженерлік-саперлік, байланыс, автомобиль, теңіз–жаяу әскерлері Батальоны, т.б. болып жасақталады.[1] 17 ғасырдан бастап тұрақты бөлімшелер ретінде қалыптасқан. Батальон әр түрлі құрамалар сапында да, жекелей де әрекет ете алады. Кеңес әскеріндегі мотоатқыштар Батальоны құрамында командалық құрам, штаб, 3 мотоатқыштар ротасы болды. Бұған қоса танкіге соққы беретін, байланыс, артиллериялық демеу, техникалық қызмет көрсету, жабдықтау және медициналық пункт бөлімшелері енді. Мұндай Батальон минометтермен, автоматты атыс қаруларымен, танкіге қарсы қолданатын басқарылатын ракета қондырғыларымен, гранатаатқыштармен, зенитті қондырғылармен, бронетранспортерлермен, жаяу әскерлердің жауынгерлік машиналарымен жарақтанады. Танк Батальоны құрамына — 3 танк ротасы мен жауынгерлік қамтамасыз ету бөлімшесі енеді. АҚШ армиясында моторлы жаяу әскер Батальоны штабтан, штабтық ротадан, 4 моторлы жаяу әскер ротасы мен танкіге қарсы соққы беретін ротадан, танк Батальоны — штаб, штабтық рота, 4 танк ротасы (әрқайсысында 17 танктен) тұрады. Әр түрлі мемлекеттер армияларының Батальондары құрамында, әдетте, 400 — 900 адам, 30 — 70 БТР (БМП), 9 — 12 миномет, 6 — 48 ПТУР қондырғысы, пулеметтер, гранатаатқыштар, тапанша-пулеметтер, т.б. қару-жарақтар; танк Батальондары құрамында 400 — 500 адам, 30 — 54 танк, миномет, зенит жарақтары, т.б. болады. [2]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х
- ↑ Қазақ Энциклопедиясы
Сыртқы Сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |