Барлау торабы
Барлау торабы. Барлау қазындыларының кеңістікте орналасу жүйесі. Таужыныстар мен пайдалы қазба жатындарының астасу ерекшеліктеріне орай, барлау қазындылары бір-біріне қатарластырыла немесе Барлау торабы ұяшаларының бұрыштарына орналастырылады. Қазындыларды орналастырудың соңғы тәсілі толық мағынасындағы Барлау торабы болып табылады. Барлау тораптарының шаршы пішіндес, төртбұрышты, үшбұрышты, ромб пішіндес т.с.с. түрлері болады; ең жиі қолданылатындары — шаршы пішіндес және төртбұрышты барлау тораптары, бұларда барлау қазындылары шаршы пішіндес немесе төртбұрышты шартты ұяшалардың бұрыштарына сәйкес орналастырылады. Сөз болған ұяша ауқымы кенорынның геологиялық-өндірістік түрлеріне, ондағы пайдалы қазба жатындарының кеңістіктегі өзгермелілігіне және кенорынды барлау сатысына тәуелді.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым.- Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|