Мазмұнға өту

Бард

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Бард — ежелгі кельттердің халық поэзиясының өкілі, жыршы, ақын. Бардтар поэзиясы біздің эрамыздан бірнеше ғасыр бұрын пайда болып, XVIII ғасырға дейін жетті. Бұлар негізінде князь сарайларында болған. Бардтар үлкен шеберліктен өту үшін он-он екі жылға дейін арнаулы мектептен өткен. Бардтар поэзиясы Еуропа романтизміне әсер еткен. XVIII ғасырдан бастап бұл терминнің бұрынғы мағынасы кеңейіп, ақын деген сөздің баламасы ретінде қолданылатын болды[1].

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Әдебиеттану терминдерінің сөздігі