Мазмұнға өту

Бандикуттар

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Бандикуттар
Perameles gunnii
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Сүтқоректілер
Ықшам табы: Қалталылар
Сабы: Peramelemorphia
Тұқымдасы: Peramelidae
Джон Эдуард Грей, 1825
Кіші тұқымдастары мен туыстары

Peramelinae

Peroryctinae

Echymiperinae

Бандикуттар, қалталы борсықтар (лат. Peramelidae) – қалталылар ықшам класы бандикуттәрізділер отрядының тұқымдасы. Дене ұзындығы 17-50 см құйрығы 9-26 см; салмағы 4,7 кг. Алдыңғы аяғында екінші төртінші саусақтары ұзын тырнақтары қатты; артқыларында екінші және тертінші саусақтары біріккен тек тырнақтары ғана бөлінген (жүн тазалауга қызмет етеді). Қалтасы артына және астына қарап ашылады. Қалталылар арасында бандикуттар ғана плацентасы бар; 7-8 туыс 1719 түрі Австралияда, Тасманияда, Жаңа Гвинеяда және бірқатар басқа аралдарында таралған. Құрлық түрлері секіріп жүреді. Көп түрі жәндіктермен қоректенеді. Жылына бір рет 2-8 ұрпақ табады. Бандикуттар буаздылығы сүтқоректілер арасында ең аз уақыт алады 12,5 тәулік. Кейбір бандикуттар кәсіпшілік нысаны (еті және терісіне бола). 2 түрі ХТҚО Қызыл кітабына енгізілген.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007. - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3