Мазмұнға өту

Балық жемі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Балық жемі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
A.
Акула.

Балық жемі – балық тіршілігіне қажетті табиғи немесе қолдан жасалынған қорек. Балықтардың табиғи қорегі судағы ұсақ жәндіктер мен өсімдіктер. Судың беткі қабатында болатын балық жемі планктон фитопланктон (өсімдіктер) және зоопланктон (жәндіктер) болып екіге бөлінеді. Су түбіндегі балыққа жем болатын өсімдіктер мен жәндіктерді бентос (фитобентос және зообентос) деп атайды. Балықтың дернәсілдері мен шабақтары зоофитопланктондармен қоректенеді, өсе келе жыртқыш балықтар (мыс, шортан, алабұға, көксерке) майда балықтарды да жей бастайды. Табан, сүйрік, таутан, сазан, оңғақ, мөңке балықтары судың терең жерінде жүріп зоопланктонмен және бентоспен қоректенеді. Қолдан өсірілетін тоғандағы балықтарды табиғи жемнен басқа, қосымша құрама жеммен де қоректендіріп отырады. Құрама жемнің құрамында күнжара мен сүрлемнің көптеген түрлері, дән ұшықтары, тағам қалдықтары, ұн, кебек, ұсақ балықтар мен ет, сүйек ұны, малдың қаны мен өкпе-бауыры сияқты ішкі органдары, өсімдіктерден жас қалақай, капуста жапырағы, сиыр жоңышқа, беде, жүгері, т.б. заттар болуы мүмкін. Соңғы кездері құрама жем түйіршіктелген түрінде дайындалады. Құрама жемді өндірістік жолмен дайындағанда оның құрамына А, Д, В1, В2, В3, В6, В12, РР витаминдері мен кобальт, кальций, фосфор тұздары қосылады. [1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ Энциклопедиясы