Мазмұнға өту

Байтұрсын Есжанұлы Өмірбеков

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Байтұрсын Есжанұлы Өмірбеков (14.9.1946 жылы туған, қазіргі Алматы облысы Ескелді ауданы Талды ауылы) – графикашы-суретші, ҚР-ның еңбек сіңірген қайраткері (1999).

Өмірбе��ов кескіндеме, графика және мүсін (Қайрат Рысқұлбеков, Жамбыл облысының Мойынқұм ауданындағы еңбек ерлері мен Оңтүстік Қазақстан облысының Абайбазар ауданындағы алғашқы коммунарларына қойылған ескерткіштердің) саласы бойынша еңбектердің, бейнелеу өнері мәселелері жайлы кітаптардың (“Түр-түс әлемінде“, 1986; “Түр-түстердің тілдегі көрінісі”, 1992, екеуі де Ә.Қайдаровпен бірге; “Кеңістіктегі түр-түс” оқу құралы, 1990), мақалалардың, мәдени көркем жобалардың авторы.

Халықаралық өнертанушылар ассоциациясының мүшесі (2002).[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, X том