Мазмұнға өту

Аққыстау ауылдық округі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Қазақстан ауылдық округі
Аққыстау ауылдық округі
Облысы

Атырау облысы

Ауданы

Исатай ауданы

Округ орталығы

Аққыстау

Енеді

3 ауыл

Тұрғыны (2021)

10267

Жер аумағы

1712,62[1] км²

Әкімі

Ғаділ Махуұлы Боранбаев

Округ әкімдігінің мекенжайы

Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, №12А

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Автомобиль коды

06

Аққыстау ауылдық округіАтырау облысы Исатай ауданындағы әкімшілік бірлік.

Әкімшілік құрамы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Құрамына Аққыстау, Өркен ауылдары және №17-темір жол айрығы кіреді. Орталығы – Аққыстау ауылы.[2]. Есіркеп, Шыныбек ауылдары 2007 жылдан бастап Аққыстау селосының құрамына енгізілген.[3]

2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 10267 адамды құрайды.[4]

Елді мекен Халқы,
адам (1989)
Халқы,
адам (1999)
Халқы,
адам (2009)
Халқы,
адам (2021)
Аққыстау 4584 6236 7717 8880
Есіркеп 118 137 -
Өркен 306 207 546 1050
Шыныбек 70 108 -
№17 разъезд 357 408 388 337

Географиялық орны

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Солтүстігінде Тұщықұдық, батысында Жанбай, шығысында Қамысқала ауылдық округтерімен шектессе, оңтүстігін Каспий теңізі шайып жатыр.

1990 жылғы ҚР «Әкімшілік-аумақтық құрылым туралы» Заңына сәйкес Аққыстау селолық округі болып, Аққыстау қала типтес поселкесі статусын қабылдады. Алайда арада аз уақыт өткенде Қазақстан Республикасы әкімшілік-аумақтық бөлінісі мәселелерін шешудің тәртібі туралы Ереже негізінде 1993 жылғы 3 наурыз күні Аққыстау қала типтес поселкесін селолық елді мекен жүйесіне жатқызу туралы облыс әкімі С.Түгелбаевтың шешімі жарық көрді.

Сипаттамасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Аққыстау ауылдық округі жер көлемі 30 000 га. Ауылдағы 10 610 тұрғын Аққыстау, Өркен және Томан елді мекендеріне топтастырылған. Олардың 875-і зейнеткерлер, 275-і мүгедектер категориясын құрайды. Ауыл тұрғындары мұнай кәсіпшілігінде, теміржол саласында, сондай-ақ мемлекеттік басқару жүйелерінде қызмет жасайды.

Әлеуметтік нысандары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Округ бойынша 4 мектеп, 5 балабақша, саз және спорт мектептері, 2 мәдениет үйі, 5 кітапхана, емхана, 2 спорт кешені, т.б. әлеуметтік нысандар халыққа қызмет жасап келеді.

Шаруа қожалықтары мен кәсіпкерлік

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Кәсіпкерлік салада 104 нысан тіркелініп, онда еңбек жасайтындар саны 1000 адамға жетті. 6 мейрамхана, 3 жанар-жағармай стансасы, 2 сауда орталығы, дәріханалар мен дүкендер, техникалық қызмет көрсету стансалары да халық сұранысына сай қызмет жасауда (2018). Округ бойынша 18 шаруа қожалығы тіркелініп, халықты ет пен сүт тағамдарымен қамтып келеді. Село орталығындағы «Зейнеден Ата» мешіті тұрғындарды имандылық пен руханиятқа тәрбиелеуде белсенді қызметімен танылуда. Округ территориясында мемлекет қорғауындағы Таскран тарихи ескерткіші орналасқан.[5]

Селолық кеңес төрағалары, округ әкімдері:

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Дәулет Әбілхайыров;
  • Меңсұлу Кемелова;
  • Сәндібек Ғұбайдуллин;
  • Боранбай Халидуллин;
  • Рахметқали Жұбанов;
  • Мәди Тахаев;
  • Қамария Танауова;
  • Насыр Дауылбаев;
  • Ғаділ Боранбаев;
  • Махамбет Ғилимов;
  • Таупих Маштахов;
  • Мүтиғолла Насиханов;
  • Әліби Хайдаров;
  • Ғаділ Боранбаев.

Аққыстау ауылдық округінің жер-су атаулары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • АйғанаНарын құмының жиегінде орналасқан алқап. Аудан орталығы Аққыстау ауылының солтүстік-батыс жағында 70 км жерде, №12 теміржол бекетінің арқа тұсында.
  • Байшақа — өзек. Атырау қаласы мен Аққыстау ауылы аралығындағь жолаушылардың аялдап, демалып өтетін мекен-тұрағы. Атырау-Астрахан автомобиль жолы салынғанша Байшақаның бекеттік маңызы зор болды.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]