Мазмұнға өту

Аққыз

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Суретші: Манай, 2007

«Аққыз» — (шын аты Мүгілсін Ахметқызы; 1897, қазіргі Жезқазған облысының, Балқаш қаласына жақын Қоңырат өңірінің Есалы деген жері — 7.5.1987, сонда) — күйші, әнші.[1]

Тәттімбеттің күйшілік дәстүрін жалғастырған. Шыққан руы Арғын тайпасы Тобықты руының Ақсақ-Дадан бөлімінен[2][3].

Жастайынан күйшілік өнерімен қатар, әншілікті де меңгерген. Қ.Байжанов, М.Ержанов сынды өнер саңлақтарының қасына еріп, ән салып Ә.Хасеновтен күйшілік шеберлігін шындаған.

Тәттімбеттің “Қосбасар”, “Саржайлау”, “Сылқылдақ”, “Көкейтесті”, “Бестөре”, Тоқаның, Саймақтың күйлерін шебер орындаған. Аққыз өз жанынан да бірнеше күй шығарған. “Қайран елім”, “Аққыз”, “Жетім қыз”, “Қосбасар” сияқты күйлері өзіндік нақышы бар шығармалар болып табылады.[4]

Шәкірттері:

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • ҚазКСР-інің халық артисі М. Хамзин,
  • белгілі домбырашы Ә. Әбенова т. б.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
  2. https://ru.calameo.com/read/0025301697fa0dca6ac3e
  3. http://old.aikyn.kz/ru/articles/show/24313-ar_any_a_yzy_arda_taldy(қолжетпейтін сілтеме)
  4. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8