Мазмұнға өту

Ақтаспа

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Ақтаспа өсімдігі (лат. Astragalus cognatus) —- бұршақ тұқымдасына жататын шалабұта. Мойынқұм, Балқаш, Алакөл маңындағы құмды жерлерде сексеуіл, жүзгін, теріскен арасында өседі. Маусым, Мамыр айларында гүлдеп, Тамыз бен Шілде айларында жемістенеді. Биіктігі 36-50 см. Жапырағы жұмыртқа пішіндес. 3-4 жұптан тұрады, ұзындығы 4-10 см. Гүлі көгілдір түсті. Дәні қызыл қоңыр. Жайылым шөбі, мал, әсіресе қой мен түйе азығы.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ ССРқысқаша энциклопедиялық-2 том-Қазақ Совет энциклопедиясының бас редакциясы-Алматы,1987-