Ағаш шайыры
Ағаш шайыры — ағашты жылу көмегімен құрғақ айдау арқылы алынатын органикалық заттар қоспасы.[1] Ол көптеген органикалық қосылыстардан тұрады. Олардың құрамында тұнбаға түсетін, суда және органикалық еріткіштерде еритін шайырлар болады.
Органикалық еріткіштердің көмегімен бөліп алған шайырлардың құрамы тұндырып алған шайырлардан өзгеше.
Ағашты құрғақ айдағанда пайда болатын Ағаш шайыры құрамында 46 – 65%-ға дейін фенол қышқылдары және үлкен молекулалы фенол қышқылдары болады.
Ағаш шайырын айдағанда 30 – 60% шайыр майы түзіледі. Ол 180 – 330°С-та буланады. Тұнбаға түскен шайырдың құрамында бір не бірнеше гидроксил топтары бар фенолдар, ал еритін Ағаш шайыры құрамында 15 – 25%-ға дейін фенолдар мен олардың туындылары болады. Олар көбінесе жеке немесе метоксифенол түрінде қатысады.
Ағаш шайыры өндірісте көп пайдаланылмайды. Олардың біраз мөлшері, әсіресе, қарағай шайырлары, ескі резиналарды өңдегенде жұмсартқыш заттар есебінде пайдаланылады.
Ағаш шайырынан алынған фенолдарды, қышқылдарды және олардың туындыларын гербицидтер алу үшін де пайдаланады.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |