Мазмұнға өту

Ахмет Дәкішұлы Дауылбаев

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Ахмет Дәкішұлы Дауылбаев
Лауазымы
Ту
Ту
Қазақ КСР ауыл шаруашылығы министрі
Ту
Ту
1947 — 1952
Ізашары мәлімет жоқ
Ізбасары Ахмет Мәмбетов
Өмірбаяны
Дүниеге келуі 30 қараша 1903 (1903-11-30)
Ілбішін уезі, Орал облысы, Ресей империясы
Қайтыс болуы 28 қаңтар 1954 (1954-01-28) (50 жас)
Алматы, Қазақ КСР
Марапаттары

Ахмет Дәкішұлы Дауылбаев (30 қараша 1903, Ілбішін уезі, Орал облысы, Ресей империясы28 қаңтар 1954, Алматы, Қазақ КСР) — мемлекеттік қайраткер, Қазақ КСР ауыл шаруашылығы министрі, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 3-шақырылым депутаты.

1903 жылы 30 қарашада Орал облысы, Ілбішін уезі (қазіргі — Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы) жерінде дүниеге келген. Шаруа отбасынан шыққан, әкесі – Дәкіш Дауылбаев.

1937 жылдың күзінде Алматыға келіп, жалған жаламен тұтқынға алынған Қаржы халық комиссарының үйіне орналасады. Көп ұзамай Ахметтің бөлесі Қазақстан халық ағарту комиссары — С.Меңдешев тұтқынға алынды.

1938 жылдан бастап — Қаржы халық комиссары, 1940 жылдан бастап — Егіншілік халық комиссары, ауыл шаруашылығы министрі болды. 1952 жылдан бастап — Су шаруашылығы министрі, 1954 жылдан бастап — ЛАБАШҒА Қазақ филиалы төралқасының төрағасы болды.

Ахмет ЛАБАШҒА төралқасының төрағасы ретінде астықтың жаңа сорттарын енгізуге, сондай-ақ ірі қара, жылқы және қой тұқымдарын шығаруға үлес қосты. Оның кезінде оннан астам тұқым, оның ішінде қазақтың атақты етті ақбас сиыр тұқымы пайда болды[1].

Қазақстан К(б)П ОК Бюро мүшесі, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 1-3-шақырылым депутаты[2], Мәскеуде КСРО М��нистрлер Кеңесінде әрдайым Одақ халқын қабылдаған КСРО-ның жалғыз республикалық министрі болып келеді.

КСРО ауыл шаруашылығы министрлігінің жетекшісі И.Бенедиктов Ахмет Дәкішұлын өзінің бірінші орынбасарының орнына бірнеше рет шақырды. Бірақ ол өз елінде жұмыс істеу керек деген желеумен бас тартты.

Дәкішұ��ының басшылығымен Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында майдан мен тылды азық-түлікпен және жылқымен сәтті қамтамасыз етті.

Ахметтің жеке бастамасымен орта буын мамандарына арналған Талғар ауылшаруашылық техникумы ұйымдастырылып, Жамбыл су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты құрылды.

Қызылорда облыстық партия комитетінің бұрынғы хатшысы және Қазақстан КП ОК бөлім меңгерушісі Ғ.Ілиясовтың естеліктеріне сәйкес, Дауылбаев ғылыми ізденістермен, одан кейін Шу өзенінің жайылмасындағы – бұрын шетелден сатып алынған арқандар мен торлар жасау үшін қажетті тінті дақыл - кендірді өсіруді енгізумен жеке айналысқан.

Екі Ленин, Еңбек Қызыл Ту (екі рет), «Құрмет Белгісі» ордендерімен, медальдармен марапатталған.

1954 жылы 28 қаңтарда қайтыс болып, Алматының Орталық зиратында жерленген[3].

Орал қаласы әкімінің 2009 жылғы 20 тамыздағы № 2131 қаулысымен және Орал қалалық мәслихатының 2009 жылғы 24 желтоқсандағы шешімімен «Жақсы ауыл» шағын ауданындағы жаңа көшеге А.Д.Дауылбаевтың есімі берілді. Ахмет Дауылбаев көшесі Алматыдағы «Таугүл-3» шағын ауданында да орналасқан[4].

Алматы қаласында Қазыбек би, 50 көшесінде А.Дауылбаевқа «Бұл ғимаратта 1940-1951 жылдар аралығында көрнекті мемлекет қайраткері, белгілі ғалым Ахмет Дәкішұлы Дауылбаев жұмыс істеген» деген жазуы бар ескерткіш тақта орнатылды[5].

Р.А.Дауылбаеваның «Болашақ туралы естеліктер» кітабы А.Д.Дауылбаевтың қызметіне арналған[6].

  • Ашимбаев Д. Р. Елибаев Абдуразак Алпысбаевич // Кто есть кто в Казахстане: Биографическая энциклопедия. — 6-е изд., доп.. — Алматы: Credo, 2002. — С. 157. — 516 с. — ISBN 9965-9164-3-8.
  • Ахмет Дакишевич Даулбаев (Некролог) // Сельское хозяйство Казахстана — 1954. — № 8. — С. 63.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Давлетбекова С. Ударным фронтом было село… // Казахстанская правда. — 2003. — 22 января.
  2. З.Бутанова «Храбрый сын казахского народа» (ко дню 110 летия Даулбаева Ахмета Дакишевича). Тексерілді, 30 сәуір 2020.
  3. BillionGraves сайтында
  4. улица Ахмета Дауылбаева. Тексерілді, 1 мамыр 2020.
  5. Мемориальная доска А. Даулбаеву. Тексерілді, 1 мамыр 2020.
  6. Памяти ученого. Тексерілді, 27 сәуір 2020.