Мазмұнға өту

Арқаршайыр

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Арқаршайыр , гименолима (Hymenolyma) – шатыршагүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Қазақстанның шөлді, таулы аймақтарындағы тау етегіндегі жусанды, бетегелі, тырсалы далаларда, кейде тастақты тау беткейлерінде, сортаңды шалғындарда өсетін 2 түрі – түкті А. (Н. trіchophyllum) және шоқсары А. (Н. bupleuroіdes) бар. Олардың биікт. 30 – 70 см. Сабақ түбін қураған жапырақтар басып жатады. Тамыры түйнекті. Тостағанша жапырақшалары тіссіз, желектері ақ түсті. Аналық мойны қысқа. Мамыр – маусым айларында гүлдеп, маусым – шілдеде жемістенеді. Жемісі – ұзынша (2 – 4 мм). [1]

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ энциклопедиясы I том