Арғанаты (тау, Ұлытау облысы)
Арғанаты | |
Сипаттамасы | |
---|---|
Тау жүйесі | |
Пайда болған кезеңі |
Солтүстік бөлігі протерозой, оңтүстігі девон мен тас көмір |
Ұзындығы |
80 км |
Ені |
20-25 км |
Ең биік шыңы | |
Биіктігі |
757 м |
Орналасуы | |
49°20′06″ с. е. 67°05′13″ ш. б. / 49.33500° с. е. 67.08694° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 49°20′06″ с. е. 67°05′13″ ш. б. / 49.33500° с. е. 67.08694° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Елдер |
Қазақстан, Ұлытау облысы Ұлытау ауданының солтүстігі |
| |
|
Арғанаты – Ұлытау облысы Ұлытау ауданының солтүстігіндегі тау сілемдері. Ұлытау тауының солтүстігінде орналасқан. Ол солтүстіктен оңтүстікке қарай 80 км-ге созыла жалғасқан шоқылар тізбегінен тұрады. Ені 20 – 25 км. Ең биік жері – Дондығұл (757 м).
Жер бедері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Таулардың беткейлері көлбеуленіп бірте-бірте аласарып, төңірегіндегі жазыққа ұласады. Арғанаты тауларынан Қаратоғай, Сарытоғай, Қаракеңгір, Терісаққан өзендерінің көптеген салалары бастау алады. Батысын Қоскөл, Қамыстыкөл, шығысын Барақкөл, Құркөл, Басбайтал көлдері алып жатыр. Тауда бұлақ көп. Арғанаты таулары көптеген тарихи оқиғалардың куәсі. Мық, Домбауыл, Айыршоқы тауаралық аңғарларында ертедегі Арғанаты тау мүсіндері сақталған. Аңыз кейіпкері Асан Қайғы да осы өңірге жерленген деген аңыз бар. Осы маңда Ешкіөлмес жерінде көгілдір асбестің қоры мол.
Геологиялық құрылымы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Солтүстік бөлігі протерозой, оңтүстігі девон мен тас көмір жыныстарынан түзілген.
Өсімдігі мен жануарлар дүниесі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Беткейлерінің қоңыр, ашық қоңыр топырағында селеу, бетеге, қылқан селеу, жусан, тобылғы, т.б. өсімді��тер мен бұталар өседі. Жануарлардан арқар, киік, жабайы шошқа, байбақ, суырлар, балпақ зорман; құстардан дуадақ, сажы, құр мекендейді.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ энциклопедиясы I том
Сыртқы сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Ұлытау(қолжетпейтін сілтеме)
- САРЫАРҚА ТАУЫ