Арыстан Сайлаубайұлы Қайнарбаев
Көрініс
Арыстан Сайлаубайұлы Қайнарбаев (1 шілде, 1939 жылы туған, Алматы қаласы) – сәулетші, ҚазКСР-інің еңбек сіңірген архитекторы (1978).
Өмірбаяны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- 1967 жылы Мәскеудің Жоғары Көркем өнеркәсіп училищесін (Л.М. Поляков пен А.И. Зайцевтен) бітірген.
- Сол жылдан Алматы мемлекеттік қала жобалау институтының бас архитекторы болды.
Жобалары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ҚР Мемлекеттік циркі (1972; В.З. Кацев, С.В. Коханович, т.б. бірлесіп)
- Қазақ академиялық драма театры (1980; О.Ж. Баймырзаев, М.Ф. Жақсылықовпен бірлесіп)
- М.Әуезов ескерткіші (1980; мүсінші Е.А. Сергебаев) жобасын жасады.
Қайнарбаев салуға қатысқан ғимараттар көлемінің ықшамдылығымен, осы заманғы үлгілерді орынды пайдалануымен ерекшеленеді.
Марапаттары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- КСРО Мемлекеттік сыйлығы (1975)
- ҚазКСР-і мемлекеттік сыйлығы (1982) лауреаты.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — тұлға туралы мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |