Мазмұнға өту

Аппарат

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Вертолёт Ми-26.

Аппарат [1]- (латынша: apparatus - құрал-жабдық) - қандай да бір басқарушы биліктің шешімдерін жүзеге асырумен айналысушы ұйымдар мен мекемелердің, олардың қызметкерлерінің жиынтығы. Аппарат негізіне қарай былай бөлінуі мүмкін:

Өз кезегінде бұлардың әрқайсысының жеке құзырына кіретін мәселелер бар.[2] Кез келген биліктің дұрыс қызмет етуі үшін Аппараттың рөлі аса маңызды, өйткені ол арқылы қоғам мен оның құрылымдарымен тікелей әрі кері байланыс орнатылады. Сондай-ақ әдетте биліктің бюрократизациялануы барысында кездесетіндей Аппараттың биліктің үстінен қарап, билікті алмастыруына жол бермеу керек. Демократиялық мемлекетте Аппарат азаматтық қоғам тарапынан үнемі жіті бақылауда болуы қажет. Аппараттың қызметі тіпті басқарушылардың жиі ауысуы жағдайында да тұрақты болып, басқарудың орнын басушы мирасқорлардың қызметін қамтамасыз етеді.[3]

Аппарат[4]-

  1. техникалық құрылғы, аспап, құрал;
  2. қандай да бір процесті, құбылысты зерттеу әдісі немесе тәсілі.

Аппарат[5]-

  1. белгілі бір үрдістерді зерттеу әдісі мен тәсілдері;
  2. мекеме, ұйымның жұмысшылар құрамы.

Электртехникада:

Аппараттар – барлық класты кернеу ажыратқыштары, айырғыштар, бөлектеуіштер, қысқа тұйықтағыштар, сақтандырғыштар, ток шектеуіш реакторлар, конденсаторлар, жиынтық экрандалған ток өткізгіштер.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ тілі тер��индерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Химия. Н.Нұрахметов, А.Ниязбаева, Р.Рысқалиева, Н.Далабаева. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 336 бет. ISBN 9965-36-416-8
  2. Полиграфия, өлшеу техникасы, ағаш өңдеу жабдықтары және металл өңдеу техникасы мен технологиясы: Қазақша-орысша терминдердің түсіндірме сөздігі.
  3. Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3
  4. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Механика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын — Павлодар  : «ЭКО» ҒӨФ. 2007 жыл.-29 1 б. ISBN 9965-08-234-0
  5. Орысша-қазақша түсіндірме жалпы сөздік: Көлік / профессор Е. Арын — Павлодар : «ЭКО» ҒӨФ. 2006.