Анна Ивановна Авенирова
Авенирова Анна Ивановна (9.3.1904, Ресей, Архангельск губерниясы, Спасск ауылы – 14.4.1971, Алматы қаласы) – медицина ғылымдарының докторы (1955), профессор (1956). Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген дәрігері (1947) және еңбек сіңірген ғылыми қайраткері (1966).
Пермь мемлекеттік медицина институтын бітірген (1925), Қазақстанға 1929 ж. келген. Авенирова – Қазақстанда ана мен бала денсаулығын қорғау ісін ұйымдастырушылардың бірі. 1948–51 ж. Ана мен баланы қорғау институтының директоры, 1952–71 ж. Алматы мемлекеттік медицина институтында (қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) кафедра меңгерушісі болды.
Баланың ас қорыту жүйесінде болатын аурулардың себептерін, олардың таралуы мен емдеу жолдарын зерттеген. Лямбиоз, кейбір бүйрек ауруларын емдеудің әдістерін тапқан. Осы аурулар туралы бірнеше ғылыми еңбектері жарық көрген.
Шығармасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Протозойные заболевания кишечника у детей, А.-А., 1966.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ ұлттық энциклопедиясы
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|