Англдар

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Рим империясы Адриан басқаруында (117-138 жылдары билеген), Англдар Ютландия түбегі (Дания)мойнағын мекендеген
Англдер мен Саксондар Англия бойынша

Англдар (Angles) — ертеде Балтық теңізі жағалауынан Британия А-на ауып келген ежелгі герман тайпасы. Б.з. 5 ғ-дың ақырында Батыс Рим империясы құлаған кезде Солт. Германия мен Ютландия түбегінен келген сакс, ют, фриз тайпаларымен бірге А. Британия А-н жаулап алуға қатысқан. 6 ғ-дың ақырында жергілікті кельт тайпаларымен қатты қақтығысқан ют тайпасы Кент корольдігін, сакстар Уэссакс, Эссакс және Суссакс корольдіктерін, А-дар Шығыс Англия, Мерсия және Нортумбрия корольдіктерін құрды. Кейін сакстармен араласып сіңісіп кетті. Англия мемл-нің аты о баста А-дардан шыққан.