Алғабас (Сырым ауданы)
Ауыл | |
Алғабас | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Ел | |
Статусы |
Ауылдық округ орталығы |
Облысы | |
Ауданы | |
Ауылдық округі | |
Тарихы мен географиясы | |
Координаттары | |
Уақыт белдеуі | |
Тұрғындары | |
Тұрғыны |
▼1200 адам (2021) |
Сандық идентификаторлары | |
Автомобиль коды |
07 |
Алғабас шекарасы
|
Алғабас — Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданындағы ауыл, Алғабас ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Аудан орталығы — Жымпиты ауылының солтүстік-батысында 55 км, ал облыс орталығы — Орал қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 85 км жерде, Көпіраңқаты өзенінің жағасында көкпек, қаражусан өскен, қызғылт топырақ��ы құрғақ дала белдемінде орналасқан[1].
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Іргесі алғаш 1936 жылы “Қызылту” астық кеңшарын ұйымдастыруға байланысты қаланған. 1997 жылға дейін кеңшар мен ауылдық кеңес орталығы болды. Кеңшар негізінде шаруа (фермер) қожалықтары құрылған.
Халқы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1999 жылы тұрғындар саны 1835 адам (1031 ер адам және 804 әйел адам) болса, 2009 жылы 1347 адамды (708 ер адам және 639 әйел адам) құрады.[2]
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 1200 адамды (631 ер адам және 569 әйел адам) құрады.[3]
Ауыл тынысы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Машина-трактор жөндеу шеберханасы, орта мектеп, клуб, фельдшерлік-акушерлік пункт бар.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ энциклопедиясы
- ↑ 2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том Мұрағатталған 8 желтоқсанның 2019 жылы.
- ↑ 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
|