Аквариум өсімдіктері
Көрініс
Аквариум өсімдіктері – аквариумда арнайы өсірілетін өсімдіктер. А. ө. сәндік үшін ғана қызмет етпейді, ол сонымен бірге суды оттекпен қанықтырады. Жарық жақсы түсетін аквариумдардың тең жарымына өсімдік отырғызуға болады. Аквариум үшін түсі де, формасы да әр түрлі өсімдіктер іріктелініп алынады. Жапырағының түсі қоңыр жасыл, қызыл және қоңыр болып келетін ірі өсімдіктерді әдетте аквариумның бұрыш-бұрышына, ал ашық жасыл жапырақты өсімдіктерді жарық жақсы түсетін ортаңғы бөлегіне орналастырады. Аквариумның бөлмеге қараған қабырғасына іргелей өрнек жапырақты ұсақ өсімдіктер отырғызса, көзге әдемі көрінеді.