Мазмұнға өту

Айғалиұлы Ертай

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет


АЙҒАЛИҰЛЫ Ертай
Туған күні

5 наурыз 1953 (1953-03-05) (71 жас)

Туған жері

 Өзбекстан, Қашқадария облысы, Шырақшы ауданы

Марапаттары

«Дарабоз» (2001), «Халық алғысы» (2020)

Айғалиұлы Ертай (5 наурыз 1953 жылы туған, Өзбекстан, Қашқадария облысы Шырақшы ауданы) – жазушы-журналист. ҚР Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, ҚР Мәдениет қайраткері (2000), Ақпарат саласының үздігі (2015), Қазақ журналистикасының қайраткері (2017). ҚазМУ-дың (1978,қазіргі ҚазҰУ) журналистика факультетін бітірген. «Лениншіл жас» (1978-86, қазіргі «Жас алаш»), «Қазақ әдебиеті»(1986–90), «Ана тілі» газеттерінде (1990-2005) қызметтер атқарған. 2005 жылдан «Қазақстан дәуірі» халықаралық газетінің бас редакторы. «Қара жапырақтар» (1995), «Сарайшық ханшасы және Иван Грозный» (2013), «Мен саған ғашықпын!» (2015) атты романдардың, «Қарға тамған қар», «Халық жауының балалары», «Өлімнен де күшті!», т.б. әңгімелердің, «Жер бетінен жоғалған ауыл», «Мен сені сағындым, әпке», т.б. кітаптардың авторы.[1]

Марапаттары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. СЫР ЕЛІ. Энциклопедия / Бас ред. Б.С. Каримова. 2-басылым. – Алматы: «Тау-Қайнар» ЖШС, 2023.