Автокран

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
ЧКД AD30-TATRA краны

Автомобильді кран – мұнара-стрела тәрізді құралмен жабдықталған жеде тәрізді крандардың бір түрі. Жүкпен бірге немесе жүксіз де қозғала алады. Оның тұрақтылығы ауырлық күшімен қамтамасыз етіледі.

Бейнесі мен құрылғысы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Автомобильді − крандар өзі жүре алатын, жеде тәрізді крандардың арасында ең көп таралғаны болып келеді. Автомобильді крандар сериялы өндірілетін жүк автомобильдердің шассисында шығарылады. Жұмыс жасап жатқанда тұрақтылық болу және жүк көтерімділікті арттыру үшін шассиның жан-жағына шығарылатын тірегіштер орнатылады. Автокрандар өздігінен қозғала алады және 20° градусқа дейін өзінің жүгін көтере алады. Автомобильді крандардың ең басты құндылығы олардың мобильділігі болып келеді. Бұл оларға алыс қашықтыққа оңай көшірілуіне мүмкіндік береді. Автокрандарды теміржолдар арқылы тасығанда, оларды бөлшектемеуге болады. Себебі олар теміржол трансортының габаритіне оңай сияды.

Телескоптық стреласы бар автокран

Жұмыс құралдары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Автомобильді крандардың негізгі жабдықтарына жатады:

  1. Қатты аспалы бартелескоптық стрелалар.
  2. Иілгіш аспалы кереге көз стрелалар.
  3. Мұнара−стрелалы орындалуы.
  4. Шұбыра стрелалар.
  5. Полиспаст − стреланы көтеру немесе түсіру үшін.
  6. Ырғалы құрсау − дара жүктермен жұмыс жасау үшін.
  7. Грейфер − сусымалы жүкпен жұмыс жасау үшін.

Техникалық сипаттамалары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Жүктік сипаттамалар әр стреланың ұзындығы үшін әртүрлі болады. Тірегіштер шығарылғанда кранның жүк көтерілімі 80%-ға жоғары болады, тірегіштер шығарылмағандағымен салыстырғанда. Қозғалыста кранмен қолдану машинаның (шассиның) кабинасының ішінен жүзеге асырылады, ал жұмыс кезінде кранның айналмалы бөлігіндегі кранның кабинасынан жүзеге асады. Жұмыс қозғалысының жылдамдығы күш беретін қондырғының валының және беріліс қорабының айналуының жиілігін өзгерту арқылы реттеледі. Бірақ кей кездерде кранның жүкпен бірге қозғалысы рұқсат етіледі. Ол үшін стрела артқы дөңгелектердің секторында орналасып және биіктігі 0,5 м-ден аспай, шассидің осінің бойымен орналасу керек. Жылдамдық та 5 км/сағаттан аспау керек.

Қолданылуы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Крандар құрылыстарда, жүкті көтеру,түсіру жұмыстарында қолданылады. Жүкті көтеру-түсіру жұмыстарымен қатар автокрандар энергетикалық құрылыста да қолданылады. Құрастыру жұмыстарында олар жәрдемші крандар ретінде жұмыс атқарады.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Crane trucks