Абыралы ауданы
Аудан | |
Абыралы ауданы | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Ел | |
Кіреді | |
Енеді |
6 ауылдық округ |
Әкімшілік орталығы | |
Тарихы мен географиясы | |
Құрылған уақыты |
1928—1955, 1990—1997 |
Тұрғындары | |
Тұрғыны |
4 786 адам (2009) |
Абыралы ауданы — 1928-1955 және 1990-1997 жылдары болған Қарқаралы округі, Шығыс Қазақстан және Семей облыстары құрамындағы әкімшілік-аумақтық бірлік[1]. Орталығы — Қайнар ауылы.
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Абыралы ауданы 1928 жылы Қарқаралы округінің құрамында құрылды. 1930 жылдан - Қазақ АКСР-іне тікелей бағыныста, 1932 жылдан — Шығыс Қазақстан облысының құрамында.
1939 жылы 14 қыркүйекте Абыралы ауданы Семей облысының құрамына енді. Сонымен бірге оның құрамына Алғабас, Дегелең, Қараөлең, Көкшетау, Қоныстан, Сарыапан, Тайлан, Таңат, Татан, Ұзынбұлақ және Шаған ауылдық кеңестері кірді.
1954 жылы Сарыапан ауылдық кеңесі Алғабасқа, Таңат Шағанға, Татан Көкшетауға қосылды. Қоныстан, Дегелең, Тайлан және Ұзынбұлақ ауылдық кеңестері жойылды.
1955 жылы 22 қаңтарда Абыралы ауданы таратылды. Сол уақытта Қараөлең мен Шаған ауылдық кеңестері Семей облысының Абай ауданына, Алғабас ауылдық кеңесі — Қарағанды облысының Қу ауданына, Көкшетау ауылдық кеңесі — Қарағанды облысының Қарқаралы ауданына өтті.
1990 жылы 15 желтоқсанда Абыралы ауданы қалпына келтірілді. Оның құрамына Семей облысы Абай ауданының Абыралы, Ақбұлақ, Қараөлең, Сарғалдақ ауылдық кеңестері және Қарағанды облысы Егіндібұлақ ауданының Алғабас ауылдық кеңесі кірді. Бұрын аудан аумағына кірген Ақтайлақ, Томар ауылдық кеңестерінің аумағы Қарқаралы ауданының құрамында қалды. Кейін Сарғалдақ ауылдық кеңесі Абай ауданының құрамына қайтарылды.
1991 жылы Айнабұлақ және Социалистік Қазақстан ауылдық кеңестері құрылды.
1994 жылы Социалистік Қазақстан ауылдық кеңесі Таңат ауылдық кеңесі болып өзгертілді.
1997 жылы 3 мамырда Семей облысының таратылуына байланысты Абыралы ауданы Шығыс Қазақстан облысына берілді.
1997 жылы 23 мамырда Абыралы ауданы жойылып, оның аумағы Семей қаласының қарамағына өтті.
Әкімшілік бөлінісі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Таратылар алдында ауданның 6 ауылдық округі болған:
Әкімшілік бірлік | Орталығы | Елді мекендері |
---|---|---|
Абыралы ауылдық округі | Абыралы ауылы | Абыралы, Тәбеке |
Айнабұлақ ауылдық округі | Айнабұлақ ауылы | Айнабұлақ, Самай |
Ақбұлақ ауылдық округі | Ақбұлақ ауылы | Ақбұлақ, Қарашілік |
Алғабас ауылдық округі | Алғабас ауылы | Алғабас, Киікқашқан, Қызылжал |
Қараөлең ауылдық округі | Қайнар ауылы | Қайнар, Қараөлең, Мырза |
Таңат ауылдық округі | Таңат ауылы | Социалистік Қазақстан, Таңат |
Халқы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1939[2] |
---|
6014 |
Әдебиет
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Семей облысының әкімшілік-аумақтық құрылымының тарихы туралы анықтамалық. — Семей, 2006.
Тағы қараңыз
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Абыралы ауданы. Әкімшілік-аумақтық өзгерістер. Басты дереккөзінен мұрағатталған 23 ақпан 2020.(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 11 қазан 2019.
- ↑ Ресей империясы, КСРО халық санақтары