Мазмұнға өту

Іңкәрқала

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

ІңкәрқалаҚызылорда облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштер тізіміне енген археологиялық ескерткіш, ежелгі елді мекен орны.

Орналасқан жері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қармақшы ауданы, Көмекбаев ауылынан оңтүстікке 96 км жерде орналасқан.

Ежелгі елді мекен 1958 жылы Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясымен (жетекшісі С. П. Толстов) зерттелген. Қаланың сыртқы көрінісі тік төртбұрышты, айналдыра биіктігі 1,5–1,7 м келетін дуалмен қоршалған. Дарбазасы оңтүстік жағындағы дуалдың ортасына салынған. Қазба барысында табылған көзелердің сынықтарына қарағанда, қала тұрғындары б.з.б. 1 ғасырдада өмір сүрген. Олар суғармалы егін шаруашылығымен және мал өсірумен айналысқан.