Мазмұнға өту

Райымбек батыр кесенесі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Райымбек батыр кесенесі
caption=
Орналасуы

Алматы, Қазақстан

Жоба авторы

Б. Ыбыраев, Ш. Өтепбаев, С. Ағытаев

Түрі

кесене

Құрылыс материалы

гранит

Салына бастаған кезі

1992

Салынып біткен кезі

1994

Кімге/неге арнап салынған

Райымбек батыр

Райымбек батыр кесенесі — қазақтардың бостандығы үшін жоңғар басқыншыларына қарсы күрескен қазақ батыры Райымбектің кесенесі, ол Алматыда аттас Райымбек даңғылының бойында орналасқан.

Құрылыс тарихы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1918–1922 жылдардағы азаматтық соғыс кезінде Райымбектің қабірі қирады.

1981 жылы батыр жерленген жерге гранит стела орнатылды.[1]

1992 жылы сәулетшілер Б. Ыбыраев, Ш. Өтепбаев және С. Ағытаевтың жобасы бойынша қабірге кесене тұрғызылды.

1994 жылы «Райымбек» тарихи-этнографиялық бірлестігінің бастамасымен әйгілі батырдың басына үлкен мазар тұрғызылды. Кесене республикалық маңызы бар тарихи, архитектуралық және монументалдық өнер ескерткішіне жатады.[2]

Ескерткіш шыңына жаңа туған ай орнатылған үшкір шатырға ұқсас. Бұл шатырдың ішінде батыр сүйегі салынған саркофаг бар.[3]

2005 жылы кесене жанында қара мәрмәрдан соғылған Құран кітабы орнатылды.[4]

2017 жылы Алматы қаласы әкімдігінің қаулысымен Райымбек кесенесі Алматы қаласының коммуналдық меншігіне қабылданды.[5] Кесене «Рухани жаңғыру» бағдарламасының Қазақстанның киелі географиясы объектілерінің тізіміне кіреді.[6]

Кесене туралы аңыздар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Биік кесененің алдында киелі түйенің шөгіп жатқан мүсіні бар. Райымбек батыр қайтыс болар алдында жолдастары мен жақындарын жинап: «Сүйегімді ақ киізге орап, түйеге артып қоя беріңдер. Қайда шөксе, сол жерге жерлеңдер» деп, аманат етіпті. Түйе бірнеше күн жүріп келіп, осы жерге шөккен екен.[7]

Райымбек батырдың денесі жатқан жерде жаңа құрылыс салу жұмыстары қызып жатады. Дәл осы күмбездің орнын да қырып, ғимарат салу жоспарда болған екен. Әйтсе де, көзкөргендер мен қарттар Райымбек батырдың сүйегі жатқанын ескертіп, бұл бейітті бұзуға қарсылықтарын білідіреді. Жұмысшылар үлкен кісілердің өтінішін басшылыққа жеткізгенімен, олар құлақ аспаған. Амалсыздан жұмысшылар жерді тегістеуге кіріседі. Бейітті қыруға келген техника Райымбек басына таяғанда өшіп қала беріпті. Райымбек батыр бейітінен кейін шегінсе, оталып кетеді екен. Қанша бұзуға ұмтылыс жасалғанымен, еш нәтиже бермейді. Осылайша, бұл жер халық арасында киелі болып саналады.[7]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Амина Абдрахманова; Влад Шишко, Валерий Таубалдиев Первые экземпляры сакрально�� карты появятся в сентябре. ТК «Алматы» (25 тамыз 2017). Тексерілді, 28 шілде 2018.
  2. Райымбек батыр кесенесі – тағылым мекені. Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру (30 желтоқсан 2020).
  3. Райымбек батыр кесенесі. tengrinews.kz.
  4. Вячеслав Лебедев Коран, увековеченный в граните. Казахстанская правда (26 қыркүйек 2013). Тексерілді, 16 тамыз 2022.
  5. Духовный центр притяжения. kazpravda.kz (17 мамыр 2017). Тексерілді, 16 тамыз 2022.
  6. Похороните, где остановится верблюд: чем знаменит Райымбек батыр. nur.kz (28 тамыз 2019). Тексерілді, 16 тамыз 2022.
  7. a b 15 жасында жауға шапқан Райымбек батыр. Қазақстан халқы Ассамблеясы (25 қыркүйек 2018).