Мазмұнға өту

Егіндікөл ауданы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Қазақстан ауданы
Егіндікөл ауданы
Елтаңбасы
Елтаңбасы
Әкімшілігі
Облысы

Ақмола облысы

Аудан орталығы

Егіндікөл

Ауылдық округтер саны

9

Ауыл саны

12

Әкімі

Юрий Викторович Курушин

Аудан әкімдігінің мекенжайы

Егіндікөл ауылы, Победа көшесі, №6

Тарихы мен географиясы
Координаттары

51°07′48″ с. е. 70°09′31″ ш. б. / 51.13000° с. е. 70.15861° ш. б. / 51.13000; 70.15861 (G) (O) (Я)Координаттар: 51°07′48″ с. е. 70°09′31″ ш. б. / 51.13000° с. е. 70.15861° ш. б. / 51.13000; 70.15861 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1970

Жер аумағы

5,4 мың км²

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Тұрғындары
Тұрғыны

5 326[1] адам (2023)

Ұлттық құрамы

қазақтар (41,87%), орыстар (33,64%), украиндар (11,02%), беларустар (4,15%), н��містер (3,6%), татарлар (1,61%), басқалары (4,11%)[2]

Сандық идентификаторлары
Пошта индексі

020600-020608[3]

Автомобиль коды

03

Егіндікөл ауданының әкімдігі

Қазақстан картасындағы Егіндікөл ауданы

Облыс картасындағы Егіндікөл ауданы

Егіндікөл ауданы Ақмола облысының оңтүстік-батысындағы әкімшілік бөлініс. Жер аумағы 5,4 мың км². Аудан орталығы – Егіндікөл ауылы.

1970 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Краснознамен ауданы құрылды. Аудан құрамына Астрахан ауданынан Бесбидайық, Полтава, Атбасар ауданынан Қоржынкөл, Қорғалжын ауданынан Абай, Армавир, Буревестник, Калинин, Коммунар, Ушаков, Краснознамен ауылдық кеңестері енді. Аудан құрылған кезде 15 елді мекенде 16589 адам тұрған. 1980 жылы Жұлдыз ауылдық кеңесі құрылды. 1997 жылғы 14 қарашадағы Президент Жарлығымен Краснознамен ауданының атауы Егіндікөл болып өзгертілді.[4]

Географиялық орны

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Солтүстігінде Астрахан ауданымен, батысында Атбасар және Қарағанды облысының Нұра ауданымен, оңтүстігінде Қорғалжын ауданымен шектеседі.

Егіндікөл ауданы Сарыарқаның орталық бөлігінде, Есіл өзені мен Теңіз-Қорғалжын ойысы аралығында орналасқан.

Жер бедері, геологиялық құрылымы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Жер бедері негізінен жазық, тек орталығы (бөлігі) сайлы-жыралы, белесті келген (абсолюттік биіктігі 400 м). Жерінің көпшілігін жоғарғы плиоцен мен төменгі антропоген жүйелерінің көлді-аллювийлі шөгінділері жапқан. Кен байлықтарынан гипс, құм, гипсті саз кездеседі.

Климаты тым континенттік. Қысы суық, жазы ыстық, құрғақ. Қаңтардың орташа температурасы –18°С, кейде – 40°С-қа дейін төмендейді. Шілденің орташа температурасы 21°С. Кейде оның максимумы 42°С-қа дейін жетеді. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 250 – 300 мм.

Өзендер сирек кездеседі. Терісаққан өзенің саласы – Талдысай өзенінің бастауы және жазда құрғап қалатын бірлі-жарым еспелер ғана бар. Аудан аумағында көптеген суы тұщы және ащы көлдер орналасқан. Бастылары: Қожакөл, Жалманқұлақ, Егіндікөл, Жосалы, Жарлыкөл, Самарбай, Ұзынкөл, Алакөл (тұзды), т.б. Жер асты сулары 50 – 100 м тереңдікте жатыр және тұздылығы жоғары болғандықтан (3 – 10 г/л) пайдалануға жарамайды. Сондықтан ауданның барлық елді мекендеріне Нұра өзенінен су құбыры тартылған.

Топырағы, өсімдігі мен жануарлар дүниесі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Аудан жерінде карбонатты қызыл қоңыр топырақ кең тараған. Тың және тыңайған жерлерді игеру кезінде аудан жерінің басым бөлігі жыртылған. Өсімдіктерден сұлыбас, селеу, бетеге, жусан, көл жағаларында түрлі шөпті шалғын, бидайық, өлең, қамыс, т.б. өседі. Даласында қасқыр, түлкі, қарсақ, борсық, қоян, суыр, ондатр, күзен, сарышұнақ, аламан тышқаны, қосаяқ; құстардан кезқұйрық, күйкентай, бозторғай; көлдерде қаз, үйрек, аққу, қасқалдақ, қызғыш, тауқұдірет, жылқышы, шіл, тырна, бөдене мекендейді.

Ірі елді мекендері: Абай, Бауман, Спиридоновка, Қоржынкөл, Буревестник, Жалманқұлақ, Ұзынкөл, Полтавское. Ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жері 518,8 мың га, оның 346,2 мың га-сы жыртылған, 1,0 мың га-сы шабындық, 171,5 мың га-сы жайылым. Аудан Егіндікөл – Астраханка – Макинск – Щучинск – Көкшетау автомобиль жолы арқылы облыс орталығымен және Егіндікөл – Новочеркасское – Астана автомобиль жолы арқылы Астана қаласымен байланысады. Егіндікөл – Атбасар темір жол тармағы арқылы Астана – Қараталды темір жол магистралімен жалғасқан.[5][6]

1979 1989[7] 1999 2009[8] 2021
 14672 15159 10050 6802 5468

1999 жылы тұрғындар саны 10050 адам (5092 ер адам және 4958 әйел адам) болса, 2009 жылы 6802 адамды (3389 ер адам және 3413 әйел адам) құрады.[9]

Әкімшілік бөлінісі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Аудандағы 12 елді мекен 1 ауылдық әкімдік пен 8 ауылдық әкімшілік округке біріктірілген:

Халқының саны (2009, 2021)[10]
Ауылдық округтері 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен
Абай ауылдық округі 170 105 61,8 94 45 47,9 76 60 78,9
Алакөл ауылдық округі 620 439 70,8 321 241 75,1 299 198 66,2
Армавир ауылдық округі 464 382 82,3 233 194 83,3 231 188 81,4
Бауман ауылдық әкімдігі 778 529 68 379 262 69,1 399 267 66,9
Буревестник ауылдық округі 227 161 70,9 119 84 70,6 108 77 71,3
Егіндікөл ауылдық округі 3285 2820 85,8 1629 1403 86,1 1656 1417 85,6
Жалманқұлақ ауылдық округі 186 164 88,2 99 101 102 87 63 72,4
Қоржынкөл ауылдық округі 432 394 91,2 205 209 102 227 185 81,5
Ұзынкөл ауылдық округі 640 474 74,1 310 244 78,7 330 230 69,7
ЖАЛПЫ САНЫ 6802 5468 80,4 3389 2783 82,1 3413 2685 78,7

Ірі елді мекендері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Атауы Халқы
(2021)
Егіндікөл 2820
Бауман 529

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]