Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты | |
---|---|
Жалпы мағлұмат | |
Жоғарыда тұрған мекеме | Қазақстан Республикасының Үкіметі |
Штаб-пәтері | 010000, Астана, Мәңгілік Ел даңғылы, 6 (Үкімет үйі) |
Басшысы | Ғалымжан Қойшыбаев |
Ресми сайты | |
primeminister.kz |
Қазақстан Үкіметінің аппараты (орыс. Аппарат Правительства Казахстана, 2023 жылдың 2 қаңтарына дейін Қазақстан Премьер-Министрінің Кеңсесі) — орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіруші мемлекеттік орган.
Қызметі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі мен Үкіметінің қызметін ақпараттық талдамалық,ұйымдық-құқықтық, құжаттамалық және өзге де қамтамасыз ету;
- мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру және мемлекеттік құпияларды қорғау және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметін үйлестіру;
- мемлекеттік құпияларды қорғау және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі құқықтық, әкімшілік, техникалық және өзге де шараларды әзірлеу, олардың іске асырылуын және сақталуын бақылау;
- мемлекеттік органдарды ақпараттық-телекоммуникациялық қамтамасыз етудің бірыңғай жүйесін, оның ішінде ақпараттық дерекқор құру жөніндегі жұмыстарды үйлестіру; Үкімет пен Премьер-Министрдің кесімдерін дайындау және атқару процесінде мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру; Мемлекет басшысының кесімдері мен Үкіметке берілген тапсырмаларының, Үкімет пен Премьер-Министр шешімдерінің, Премьер-Министр, оның орынбасарлары, Кеңсе Басшысы және оның орынбасарлары тапсырмаларының орындалу мерзімін бақылау;
- Премьер-Министр,оның орынбасарлары және Кеңсе Басшысы үшін олар тиісті құжаттарға қол қою не оларды келісу туралы шешім қабылдауы кезінде оның нәтижелері бойынша қорытындының ақпараттық-ұстанымдық сипаты болатын Үкімет пен Премьер-Министрдің шешімдері жобаларының қаржы-экономикалық, құқықтық және өзге де аспектілеріне сараптама жасау.
Қарамағындағы ұйымдар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фельдъегерлік қызметі" республикалық мемлекеттік мекемесі
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1990 жылы 20 қарашада Министрлер Кеңесінің аппараты Президент аппаратына қосылды. 1991 жылдан бастап Президент пен Министрлер Кабинетiнiң аппараты деп атала бастады. 1994 жылы 13 сәуірде одан Министрлер Кабинетiнiң Іс басқармасы бөлінді. 1995 жылдың басында ол Министрлер Кабинетiнiң аппараты, конституциялық реформадан кейін күзден бастап Үкімет аппараты деп атала бастады.
1997 жылы 4 наурызда Президент Жарлығымен Үкімет аппараты Премьер-Министр Кеңсесі болып қайта құрылды.[1]
2023 жылы 2 қаңтарда Президент Жарлығымен Премьер-Министр Кеңсесі Үкімет аппараты болып өзгертілді.
Басшылары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Алтай Тілеубердин (2000—2007)
- Бақытжан Сағынтаев (2007—2008)
- Ғабидолла Әбдірахымов (2008—2012)
- Ерлан Қошанов (2012—2017)
- Нұрлан Алдабергенов (2017—2019)
- Дархан Кәлетаев (2019)
- Ғалымжан Қойшыбаев (2019 жылдан бастап)
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ 1 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының жүйесін реформалау жөніндегі кезекті шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 ж. 4 наурыздағы № 3377 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 1997, №10, 69-бап).