Қатынас құру
Қатынас құру, қатынау (Доступ; access) — 1) сұраныс бойынша мәліметтерді алу мүмкіндігі; мәліметтерді таңдау тәсілдерінің сипаттамасы; 2) сақтау құрылғысымен және онда орналасқан файлдармен мәліметтерді жазу немесе оқу үшін байланыс орнату процедурасы.
Алгоритмдік қатынас құру
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Алгоритмдік қатынас құру (Алгоритмический доступ; algorithmic access) — адресті қандай да бір алгоритм бойынша есептеуге негізделген қатынас құру.
Біртіндеп қатынас құру
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Біртіндеп қатынас құру (Последовательный доступ; sequential (serial) access) — файл жазбаларының файлдың құрылу процесінде ескерілгендей, жадта орналасу ретімен қатынас құру тәсілі.
Дара өрісті қатынас құру
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дара өрісті қатынас құру (Монопольный доступ; exclusive access) — бағдарламаның мәліметтерге монопольдық режимде қатынас құруы. Бір бағдарлама монопольдық режімде қолданатын мәліметтерге басқа бағдарламалардың катынас құру мүмкіндігі болмай, олар күту режімінде тұрады.
Жергілікті қатынас құру
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Жергілікті қатынас құру (Локальный доступ; local access) — компьютердің енгізу-шығару құрылғылары арқылы қатынас құру.
Кванттық-көпшілік қатынас құру
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Кванттық-көпшілік қатынас құру (Множественный доступ с квантованием; time- division multiple access) — мәліметтерді жеткізу жүйелерінде кванттық уақыт беру ортасына қатынас құруды басқару әдісі; бір символды жалпы (сақиналық) арнамен жеткізу үшін әрбір торапқа бөлінеді.
Кестемен қатынас құру
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Кестемен қатынас құру (Доступ по расписанию) — пайдаланушының жүйемен жұмысын алдын ала белгіленген белгілі бір уақыт аралығында ұйымдастыру.
Көпшіліктік қатынас құру
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Көпшіліктік қатынас құру (Множественный доступ; Multiple access) — мәліметтер алмастыру желілерінде кеңтаралымды арнаға көптеген станциялардың катынауы. Мұнда қайшылықты табу арқылы реттестіріп аттасуды қайта орындау жолдары ұйымдастырылады.
Кілттік қаты��ас құру
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Кілттік қатынас құру (Доступ по ключу (ключевой доступ); keyed access) — файл жазбасына өту оның кілтін көрсету арқылы орындалатын қатынас құру тәсілі.
Параллель қатынас құру
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Параллель қатынас құру (Параллельный доступ; parallel access) — сақтау құрылғыларында биттердің біртіндеп емес, бір уақытта берілуі арқылы мәліметтерге қатынас құру.
Тікелей қатынас құру
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Тікелей қатынас құру (Прямой доступ; direct access) — мәліметтердің барлық элементтеріне қатынас құру біркелкі, сондықтан кез келген элементке өту үшін басқа элементтерді қарастырудың қажеті болмайды.[1]
Ішкі сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Сыртқы сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі:Информатика және компьютерлік техника/ Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |