Мазмұнға өту

Бесқарағай ауданы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Қазақстан ауданы
Бесқарағай ауданы
Елтаңбасы
Елтаңбасы
Әкімшілігі
Облысы

Абай облысы

Аудан орталығы

Бесқарағай

Ауылдық округтер саны

10

Ауыл саны

28

Әкімі

Нұрбек Тұрсынқанұлы Қошқарбаев

Аудан әкімдігінің мекенжайы

Бесқарағай ауылы, Сейфуллин көшесі, №144

Тарихы мен географиясы
Координаттары

51°00′40″ с. е. 79°09′14″ ш. б. / 51.01111° с. е. 79.15389° ш. б. / 51.01111; 79.15389 (G) (O) (Я)Координаттар: 51°00′40″ с. е. 79°09′14″ ш. б. / 51.01111° с. е. 79.15389° ш. б. / 51.01111; 79.15389 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1928

Жер аумағы

11,4 мың км²

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Тұрғындары
Тұрғыны

17 863[1] адам (2023)

Ұлттық құрамы

қазақтар (71,82%), орыстар (20,92%), немістер (2,86%), татарлар (2,08%), украиндар (1,07%), басқа ұлт өкілдері (1,25%)[2]

Сандық идентификаторлары
Автомобиль коды

18

Бесқарағай ауданының әкімдігі

Қазақстан картасындағы Бесқарағай ауданы

Облыс картасындағы Бесқарағай ауданы

Бесқарағай ауданы2022 жылдың 8 маусымынан бастап ресми түрде құрылған Абай облысының солтүстік бөлігінде орналасқан әкімшілік бөлік. Әкімшілік бірлігі ретінде 1928 жылы құрылып, 1959 жылға дейін Павлодар облысының, 1997 жылға дейін Семей облысының, 1997 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысының құрамында болды. Орталығы – Бесқарағай ауылы (Большая Владимировка).

Географиялық орны

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Аудан шығысында Ресей Федерациясы Алтай өлкесінің Углы және Михайловка аудандарымен 89 км ұзындықта және Бородулиха ауданымен, батысы мен солтүстігінде Павлодар облысының Май, Аққулы аудандарымен, оңтүстік-батысында Курчатов қаласымен және оңтүстігінде Жаңасемей ауданымен шекаралас орналасқан.

Аудан ауыл шаруашылығы бағытында жұмыс істейді, астық, майлы және бақша дақылдарын өндірумен, сүтті мал шаруашылығымен, халық тұтыну тауарларын, орман шаруашылығы кәсіпорындарының өнімдерін өндірумен айналысады. Ауыл шаруашылығы алқаптары бұрынғы 13 кеңшарлар мен 1 ұжымшардың базасында құрылған 633 шаруа қожалықтарына бекітілді.

Аудан аумағында 6 «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты мемлекеттік мекемесі-390,8 мың га алқаппен, «Дорожник» ЖШС, аудандық электр жүйесі, Қазақтелеком, Қазпошта, мемлекеттік көп салалы коммуналдық кәсіпорны орналасқан. Тарихқа көз жүгіртсек, ХVІІІ ғасырдың басында І Петр кезіндегі орыс мемлекеті Шығыс елдерімен экономикалық және саяси байланыстарды нығайтты. 1714 жылы Ертісте қорғандардан, форпостар мен бекіністерден тұратын

Бесқарағай ауданы 1928 жылы Семей округінің құрамында құрылды. Орталығы Беген ауылы болды.

1932 жылы Шығыс Қазақстан облысының, 1938 жылдан бастап Павлодар облысының құрамына енді.

1959 жылы 9 мамырда Бесқарағай ауданынан Павлодар облысынан Семей облысына берілді.

1960 жылы Грачев ауылдық кеңесі таратылды.

1961 жылы Ново-Покров ауданының Байуақ ауылдық кеңесі беріліп, Елубай ауылдық кеңесі жойылды.

1963 жылы 2 қаңтарда Бесқарағай және Ново-Покров аудандарының негізінде Бесқарағай ауылдық ауданы құрылды. 14 қаңтарда Атшапқан ауылдық кеңесі таратылды. 12 наурызда Шаған кенті Семей қаласының қарамағына өтті. 27 маусымда Социал ауылдық кеңесі таратылды.

1966 жылы 31 қаңтарда қайта құрылған Жаңасемей ауданына Глухов, Жиенәлі ауылдық кеңестері берілді.

1979 жылы Қоянбай, 1984 жылы Лесной, Бөденелі ауылдық кеңестері құрылды.

1996 жылы 27 тамызда Бөденелі, Қоянбай, Кривинка, Лесной ауылдық округтері таратылды.

1996 жылы 30 тамызда таратылған Жаңасемей ауданының Глухов ауылдық округі қосылды.

1997 жылы 3 мамырда Семей облысы таратылып, аудан Шығыс Қазақстан облысының құрамына енді.[3]

Пайдалы қазбалары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Пайдалы қазбалары рудалы емес қазбалардан тұрады, олар отқа төзімді саз балшық, ірі құм, құрылыс құмдары, жылтыр тас, әк, әртүрлі бояулар және ауданның солтүстік қапталының бөлігінде сирек жер темірлері табылды, бір-ақ жер қоймалары төмен зертелуде.

A.
Ертіс өзені.

Климаты, өсімдігі мен жануарлар дүниесі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Аудан климаты құбылмалы, құрғақ. Қысы ұзақ және суық. Қаңтар айында орташа температурасы -170С, кейде-450С-дейін жетеді. Жазы ыстық, құрғақ. Шілде айында орташа температурасы - 210 ыстық. Қысы-қатты боранды, жазы-шаңды дауылды. Орташа жылдық ылғалы 275-300 мм. Өсімдіктердің өсіп-өнуі және даму кезеңі 140 күн, бұл көптеген дәнді дақылдар мен көкөністердің және бақша дақылдарының пысуына қолайлы. Өсімдік әлемі (өсімдіктер) бай және әр түрлі. Ертіс маңында бос терек, қара терек, көк терек, тал шыбық, аққайын, черемуха, долона, ырғай, шәңгіш жидек және басқа да өсімдіктер. Дәрлік шөптер күнделікті өседі. Белдеулі орманда аққайың - көк терек алқаптарында қарағай, аққайың, көк терек, қарағаш, итмұрын, тобылғы, үйеңкі өседі.

Жануарлар әлемі (жануарлар) әр түрлі. Дала алқаптарында: атжалман, мұжыма тышқан, орман тышқандары, қояндар мен ақтиындар мекендейді. Күнделікті салпаң құлақ кірпі, қасқыр, түлкі, сұр күзен, борсық, саршұнақ және басқалар кездеседі. Жер бауырлы кесірткелер, улы сұр жыландар, сарбас жыландар топтары және басқалар кездеседі.

Белдеулі ормандарда орманның жануарлары да кездеседі, олар ұшатын тиындар, қояндар, түлкілер, қасқырлар, еліктер, бұландар мекендейді және сілеусіндер кездеседі. Құстар әлемі бай және әр түрлі болып кездеседі. Боз торғайлар, лашындар, қара тағандар, боз торғайлар, сасық көктер, сауысқандар, қарғалар, көгершіндер, торғайлар, ұшатын құстар: қаздар, аққулар, үйректер және басқа да құстар мекендейді.

Ертіс жағалауларында, су айдындарда, көлдерде ондатралар кездеседі. Ертіс және Канонерка көлдерінде табан, қара балықтар, ала бұғалар, шортандар, шабақтар, лақалар, сүйріктер мекендейді, тұқылар жасанды дамытылған.

Су қоры Ертіс өзені. Аудан аумағындағы Ертіс құйылымының кейбір жер асты және жер үсті бұлақтары ғана бар. Кіші және үлкен Канонерка көлі, үлкен, кіші және шағын Шошқалы (Теңіз соры) көлдері емді, олар Павлодар облысының Мойылды көліне ұқсас. Тұзды суда 70 пайыз хлорлы–натрилы қоспа, 40 пайызы борма–терапиялық маңызды негізі бар. 164 г/л балшықты минералдан құралады, судың қысымы +380, +420. Бұл көлдің қасиетті суы әлемдік курортарға теңестріледі: «Трускавец», «Новая Русса» және басқалары, бұлар әр түрлі аурулар үшін емді. Ауданның табиғи аумағы – дала - шөпті және орман алқапты. Ертістің сол қапталында Қазақтың төбешіктер басталады. Ауданның гидрогеологиялық ерекшелегі ол тұщы жер асты суларының жиналған жерінде орналасқан.

1939 1959 1970 1979 1989[4] 1999 2009[5] 2021 2023
37250 32456 36733 33930 32959 28140 22210 18296 17863

Тұрғындары 18 689 адам (2019). Ұлттық құрамы: қазақтар – 68,70%, орыстар – 25,07%, немістер – 2,55%, татарлар – 2,03%, украиндар – 0,80%, басқа ұлт өкілдері – 0,85%.

Әкімшілік бөлінісі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

28 елді мекен 10 ауылдық округке біріктірілген:

Халқының саны (2009, 2021)[6]
Ауылдық округтер 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен
Баскөл ауылдық округі 1800 1382 76,8 895 681 76,1 905 701 77,5
Беген ауылдық округі 1680 1309 77,9 852 672 78,9 828 637 76,9
Бесқарағай ауылдық округі 4377 4765 108,9 2018 2298 113,9 2359 2467 104,6
Глухов ауылдық округі 2415 2141 88,7 1186 1096 92,4 1229 1045 85
Долон ауылдық округі 1789 1214 67,9 890 600 67,4 899 614 68,3
Ерназар ауылдық округі 2440 1700 69,7 1219 855 70,1 1221 845 69,2
Жетіжар ауылдық округі 1517 1077 71 770 542 70,4 747 535 71,6
Канонер ауылдық округі 2287 2026 88,6 1127 997 88,5 1160 1029 88,7
Қарабас ауылдық округі 2235 1494 66,8 1064 734 69 1171 760 64,9
Малая Владимировка ауылдық округі 1670 1188 71,1 852 581 68,2 818 607 74,2
ЖАЛПЫ САНЫ 22210 18296 82,4 10873 9056 83,3 11337 9240 81,5

Әлеуметтік құрылымы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Аудан халықтарына АОА, өкпе ауруына қарсы аурухана, 7 отбасылық–дәрігерлік амбулатория, 3 фельдшерлік – акушерлік пункті, 15 медициналық пунктер, 16 кітапханалар, 182 сауда орындары, 21 қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары қызмет көрсетеді. Аудан ауылдарында 21 жалпы білім беру мектептері жұмыс істейді, онда 4842 оқушылар білім алады, барлық мектептер компьютерлендіріліп, Интернетке қосылған. Саз мектебі, балалар-жасөспірімдер мект��бі, шығармашылық үйі жұмыс істейді. Жазғы кездерде ауданда Ертіс жағалауында 150 балаларға арналған сауықтыру - спорт лагері жұмыс істейді. 2004 жылы Большая Владимировка ауылында балалар бақшасының 1 тобы ашылды.

Ауданда екі тілде 1600 дана басылыммен «Бесқарағай тынысы» қоғамдық – саяси газеті шығарылады.

Ауданның басты байлығы, оның адамдары, олардың арқасында ол туралы Қазақстан ғана емес басқа да мемлекеттер біледі.

Ұлы Отан соғысы жылдары Отанды мыңнан аса бесқарағайлықтар қорғады. Олардың үшеуі Кеңес Одағының Батырлары атанды, олар Елистратов С.А., Корнев И.И., Қайырбаев М. Мұнда Социалистік еңбек ерлері – Жингелбаев К., Қонақов Е, Щевцов С.И. еңбек етті. Аудан тұрғындары жерлестері, капитан Гастеллоның ерлігін қайталаған А.Г.Белоусовты естен шығармайды. 54 адам Тәжік – Ауған шекараларында өз борыштарын атқарды, олардың ішінде өлгенен кейін ордендермен марапатталғандар - Қалтаев К.М. – «Қызыл жұлдыз» орденімен, Белякин Н.Г.

«Қызыл жұлдыз» орденімен, Диц И.А. - «Қызыл жұлдыз» орденімен, Нұртазин К.Т. - «Қызыл жұлдыз» орденімен, «1,2 дәрежелі шекара әскерлерінің ең үздігі» төс белгісі, «Ауған халықтарынан интернацио-налис-жауынгерлер» медалімен, «Қазақстан Демократиялық Ауған Республикасынан әскерлерді шығарғанға 15 жыл» өлгенен кейінгі куәлігімен марапатталды.

A.
Әміре Қашаубаев.

Ертістің сол жағалауындағы Бөдене ауылында өзінің ақындық талантын дарын еткен Әміре Қашаубаев өмір сүрді. (Ескерту: Әміре Абыралы өңірінде туған. Ақын емес, әйгілі әнші болған.) Елуінші жылдары өзінің жерін Мәскеу, Алматы қалаларында өткен ақындар айтысында танытып, жеңімпаз атанған халық ақыны Нұрлыбек Баймұратов өмір сүрді.

Өздерінің шығармашылық дарындарын өз өлкелеріне деген сүйіспеншілігін таныта білген ақындар Канонерка ауылынан Михаил Балыкин, Беген ауылынан композитор Төлеген Мұхамеджанов және Болат Қабылбаев Семияр ауылынан, Өндіріс ауылынан Жолан Дәстенов, Беген ауылынан киноактер Меңтай Өтепбергенов және басқа да ғалымдар және ғылыми қызметкерлер.

Аудан орталығында кәсіптік - техникалық мектеп жұмыс істейді, онда тігінші, киім пішуші, механизаторлар, слесарлар дайындайды, автомобиль мектептері және «Отан» қоғамдық ұйымы жұмыс істеп, одан барлық категориялар бойынша жүргізушілерді шығарады.

Бүгінгі уақытта аудан орталығында композитор және ақын, 50-ден аса өлендердің авторы Қайлаш Нұрғазин тұрады. Бұл жерден 50 жылдары Рим қаласында өткен Олимпиадалық ойындарда КСРО- ның құрама командасының құрамында 4х100 метр қашықтық эстафетасы бойынша қатысқан күміс жүлдегері Гусман Косанов, жетпісінші жылдары Мюнхен Олимпиадасында жеңіл атлетикаға қатысқандар Анатолий Бадранков және Анатолий Микетенко, жеңіл атлетика бойынша КСРО-ның бірнеше дүркін чемпионы Александр Довбенко шықты.

Халықаралық республикалық, облыстық жарыстарда бірнеше дүркін жүлдегер атанған біздің жерлестеріміз спорт шеберлері – күресші Изатов Е.Т., Кирибаев Т., Ямалитденов Х., Махамбетов Д., оқ ату бойынша Касатчиков В.А., шаңғы бойынша Баяндилов В., жеңіл атлетика бой-ынша Ә. Зиаданова және басқалары. Ауданның волейбол құрама командасы 2000 жылы Астана қаласында Қазақ-стан Республикасының жазғы ауылдық ойындарында Шығыс Қазақстан облысының намысын қорғап, үшінші орынды иеленді. 20 жыл ішінде аудандық Мәдениет үйінің «Экситон» би тобы «Халық» белгісінің иегері, бұл атақты 2004 жылы «Черодей» би ансамблі «Үлгілі» белгісін алды.

Қазақстан Репсубликасының Тәуелсіздігі жылы бесқарағайлықтар «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» жоғары үкіметтік наградаларымен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» мерейтой медальдарымен 33 адам, Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен 1 адам, 14 бесқарағайлықтар Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хатымен марапатталды.

  • 3 дәрежелі «Айбын» орденімен-54 өрт сөндіру бөлімінің маманы Сергей Владимирович Белякин орман күзеті және жануарлар әлемі жөніндегі Беген мекемесінің аумағында 2002 жылы 27 мамырда болған ірі өртті сөндіру кезіндегі батылдығы үшін марапатталды. Ол өзінің антын және қызметтік парызын аяғына дейін, қызметтік автокөлікті және ондағы адамдарды құтқара адал атқара білді.
  • «Ерлігі үшін» медалімен Беген орман шаруашылығының жұмысшысы Зайкенов Дүйсембай Төленбекұлы (өлгенен кейін), 54-ӨБ маманы Изатов Мақсат Алтайұлы осы ірі өртті сөндіруге қатысқандары үшін мараптталды.
  • «Ерен еңбегі үшін» медалімен фермер және кәсіпкерлікті дамытудағы жетістіктері үшін «Восток» шаруа қожалығының басшысы Тұнғұшпаев Мұхтар Сұлтанұлы марапатталды. Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 8 желтоқсандағы №1246 Жарлығымен «Ерлігі үшін» медалімен 54-ӨБ бастығы Панюков Дмитрий Валерьевич. «Ерен еңбегі үшін» медалімен фермер және кәсіпкерлікті дамытудағы жеткістіктері үшін «Лана» шаруа қожалығының басшысы Әділев Теміржан Ертайұлы марапатталды.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]