Мазмұнға өту

Семей мемлекеттік педагогикалық институты

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Семей мемлекеттік педагогикалық институты — педагогикалық жоғары оқу орны. Іргесі 1934 ж. қаланған.

Алғаш Семей мұғалімдер институты болып ашылды. 1935 ж. оған С.Сейфуллиннің есімі берілді. 1937 ж. педагогикалық институт болып өзгерді. 1939 ж. Н.Кру��ская есімімен аталды.

Институт 2-дүниежүзілік соғысқа дейін 500-ден астам мамандар даярлады, соғыстан кейін жаңа факультеттер ашылып, педагог мамандар даярлауда өрісі кеңейді. 1993 ж. институтқа Шәкəрім есімі берілді. 1996 ж. Семейдегі басқа да жоғары оқу орындарымен Семей мемлекеттік университетіне біріктіріліп, 2004 ж. қайтадан дербес жоғары оқу орны мәртебесін алды. 2013 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті мен Семей мемлекеттік педагогикалық институты қайта біріктіріліп, Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті болып құрылды.

Бүгінде институт қазақ және орыс тілдерінде барлық білім салаларынан педагогтар даярлайды.

Институт базасында Халықаралық педагогикалық білім беру ғылымдары академиясының экологиялық орталығы, М.Қозыбаев атындағы Тарихи зерттеулер ғылыми орталығы, Шәкəрімтану ғылыми-зерттеу орталығы жұмыс істейді. Бұл оқу орны 70 жыл ішінде 40 мыңнан астам педагог даярлады.