Мазмұнға өту

Өсімдіктердің қоректенуі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Өсімдіктердің қоректенуіөсімдіктің өсіп, дамуы үшін қажетті ішкі және сыртқы метаболизмін қамтамасыз ететін зат алмасу биохимиялық процесс.

Өсімдіктердің көпшілігі фотосинтез үрдісінің арқасында қоректенеді. «Фото» сөзі «жарық», ал «синтез» «қосылу, құрастыру» деген мағыналарды білдіреді. Өсімдіктер өздерінің қоректерін жарықты пайдалана отырып жинақтайды. Фотосинтез жапырақ жапырақ жасушаларының ерекше құрылымында өтеді. Олар хлоропластар деп аталады. Құрамында күн жарығының энергиясын аулайтын жасыл боятек (пигмент) болады. Яғни жапырақ - жоғары сатыдағы өсімдіктердің фотосинтез, газ алмасу, қор жинау, көбею қызметтерін атқаратын өсу мүшесі.

Хлоропластар күн көзінен энергияны аулап жатқанда, жапырақтың басқа бөліктері ауадан көмір қышқыл газын сіңіреді. Күн көзі мен көмір қышқыл газы - фотосинтез үшін қажетті екі ингридиент. Үшінші қажетті зат - су. Суды тамыр жеткізеді. Су түтіктердің жүесі бойынша өсімдіктердің барлық мүшелеріне, оның ішінде жапыраққа да жетеді. Міне, енді өсімдікте өзінің қорегін жинақтауға болатын жағдайлардың бәрі бар. Олар күн сәулесінің көмегімен ауадан алған көмір қышқыл газынан ең негізгі қоректік зат - қант пен крахмал түзеді. Жапырақ ішінде қоректік шырын түзіледі. Түзілген қоректік шырын өсімдіктің кез келген мүшесіне жеткізіледі. Фотосинтездің жанама өнімі - газ тәрізді оттегі. Оны өсімдік атмосфераға бөліп шығаратын оттегі Жер планетасындағы тіршілікке негіз болады.