Мазмұнға өту

Әсет Көпбайұлы Бейсеуов

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Әсет Көпбайұлы Бейсеуов (13.10. 1938, Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарғалы ауылы - 20.3.1996, Алматы) - композитор, Қазақстанның халық артисі (1991).

Шапырашты руынан шыққан.[1]

  • Алматы консерваториясын (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы, В.В. Великановтың класы бойынша) бітірген (1960).
  • 1961 - 1964 ж. Текелі қаласының музыка мектебінде мұғалім
  • 1964-1966 ж. Мәдениет үйінде қызметкер
  • 1966 - 1967 ж. Есік музыка мектебінде мұғалім
  • 1967 - 1968 ж. Ұзынағашта Мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі болды.
  • 1969-1974 ж. "Гүлдер" ансамблінде
  • 1974 - 1980 ж. Қуыршақ театрында қызмет істеді. [2]

Шығармашылығы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Бейсеуов қазақ эстрадасында музыкасының дамуына үлес қосты. Композитордың "Алмалы Алматым", "Гүлдер", "Шақырады көктем", "Мұңайма", "Алтыным", "Маралдым", "Сандуғаш", "Сырласу вальсі", "Жұлдызым", "Армандастар", "Жайықтан қайтқан тырналар", т.б. туындылары қазақ ән өнерінің алтын қорына енді. Сондай-ақ, Бейсеуов бірнеше спектакльдерге (С.Балғабаевтың "Қыз жиырмаға келгенде", Ә.Тауасаровтың "Аса құрметті Икс"), кинофильмге ("Көртышқан мен қоян"), телефильмдерге ("Алдар көсе", "Жаздың соңғы күні", т.б.) музыка жазды. Көптеген ән жинақтары жарық көрді.

Марапаттары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қазақстан Комсомол сыйлығының иегері (1972).[3]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Құрастырушы авторы А.Байғазыұлы Бәйдібек баба - Алып бәйтерек ұрпақтарының шежіресі. Сары Үйсін. Шапырашты — Алматы: Издательство Өнер, 2000. — ? б. — ISBN 5-89840-441-4.
  2. Документальный фильм «Әсет Бейсеуов».
  3. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8