Мазмұнға өту

Әсел Егізбайқызы Далиева

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Әсел Егізбайқызы Далиева
Жеке мағлұматтар
Азаматтығы

 Қазақстан

Мамандандыру

тоғызқұмалақ

Туған күні

3 қазан 1989 (1989-10-03) (35 жас)

Туған жері

Қызылорда

Әсел Егізбайқызы Далиева (туыл. 3 қазан 1989 жыл) — Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері (тоғызқұмалақ), төрт дүркін әлем чемпионы, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы.

Әсел 1989 жылы 3 қазанда Қызылордада дүниеге келген. Тоғыз-құмалақта 9 жасынан бері ойнайды. Әлем чемпионатында әлем чемпионы атанды. Екі жыл өткеннен кейін классикада және блицте тамаша болды.

Спорттағы жетістіктері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ол тоғызқұмалақтан Қазақстан еңбек сіңірген спорт шебері атанған жалғыз әрі ұлттық спорт түрлері арасында осы атақты иеленген тұңғыш спортшы. Тоғызқұмалақты тоғыз жасында ойнай бастаған Әсел Далиева он екі жасында - еліміздің ең жас спорт шебері, ал он алты жасында - халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативін орындаған ең жас спортшы атанады. Жиырма жасына дейін жастар арасында республикалық тоғызқұмалақ жарыстарының 6 дүркін жеңімпазы болды. Ал ересектер арасындағы республикалық додаларда 11 мәрте чемпион атанып, көптеген халықарлық жарыстарда жеңіс тұғырына көтеріледі. 2013 жылы Әселге Азияда ойындарының алауын жағу мәртебесі берілді. Шебер спортшы өзі жетістіктерге жетіп қоймай, ұлттық ойынымыздан әлемдік сайыстарға түсетін шәкірттер дайындап үлгерді. Биыл Астанада өтіп жатқан 4-ші Әлем Чемпионатына оқушысы Лина Каримова (ересектер арасындағы ҚР-ның 2-дүркін Чемпионы) қатысып, әлем чемпионы атанды. Ол - 2015 жылдан бері тоғызқұмалақтан жаттықтырушы. Сонымен бірге Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ Федерациясы спортшыларының жетекшісі қызметін атқаруда. Әсел Далиева - үнемі ізденіс үстіндегі, кәсіби білігімен қоса білімін үздіксіз ұштап отыратын талапты әрі еңбекқор жас. Қорқыт Ата атындағы Мемлекеттік универстетінің «Дене шынықтыру және спорт мамандығының» бакалавры және Көлік және коммуникациялар академиясының магистрі атағын алған. Ол қазақ тілінен өзге орыс, ағылшын, түрік тілдерін еркін меңгерген. Бос уақытында кітап оқып, теннис ойнап, суда жүзеді. Қазақтың шебер ойыншысының жетістіктері бағаланып, оған Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығы медалі және Қызылорда облысының спорт басқармасының 60 жылдық медалі, ТМД Парламентаралық Кеңесінің «Денешынықтыру, спорт және туризмді дамытудағы ерен еңбегі үшін» белгісі берілген.

Сыртқы сілтеме

[өңдеу | қайнарын өңдеу]