Әбубәкір Бермұхамедұлы Алдияров
Көрініс
Әбубәкір Бермұхамедұлы Алдияров (1878 жыл, Торғай облысы Қостанай уезі Сарыой болысы — 27.09.1938 жыл, Тараз ) — қоғам қайраткері.
Өмірбаяны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Әкесі Бермұхамед болыс болған, атасы Қаумен ел басқарған.[1]
- Ы.Алтынсарин ұйымдастырған Қостанайдағы 2 сыныптық мектепті, Орынбор ер балалар гимназиясын (1899) тәмамдаған соң Қазан императорлық университетінің медицина факультетіне түсіп, генерал-адьютант Н.А.Крыжановский атындағы стипендиямен оқыған.
- 1904 жылы университетті күміс медальмен бітіріп, Ақтөбе, Қостанай өңірінде және Троицк қаласында (1916 жылға дейін) дәрігер болып қызмет істеді.
- 1916 жылы қазақтың тұңғыш заңгері Ж.Сейдалиннің қызы Ажарға үйленіп, зайыбымен Беларусьға (Пинск қаласына) қара жұмысқа алынған қазақтар арасына өз еркімен барып, дәрігерлік қызмет атқарды, Халықаралық Қызыл Крест қоғамында жұмыс істеді.
- 1917 жылы елге оралған соң Алаш қозғалысына белсене араласты.
- 1917 жылғы 1 және 2 жалпықазақ съезіне қатысты.
- Алашорданың Қостанай уезі комитетінің төрағасы және Торғай облысы комитетінің мүшесі болды.
- 1918 жылы қазанның 14-17 аралығында өткен Қостанай уезі қазақтарының төтенше съезінде Алашорда автономиясы туралы баяндама жасады. Баяндама бойынша съезд “Қостанай уезі Алаш автономиясына қосылып, тек Алаш және Бүкілресейлік үкіметтердің билігін мойындайды” деген қарар қабылдады.
- Кеңес өкіметі тұсында Алдияров Тройцк қаласының ауруханасында дәрігер болып істеді.
- Алаш қозғалысына белсене араласқаны үшін 1928 жылы Өскеменге жер аударылды.
- 1936 — 38 жылдары Қырғызстанның Қаракөл қаласында және Тараздағы темір жол ауруханасында қызмет істеді.
- Алдияров — 1938 жылы жала жабылып, ату жазасына кесілген саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі. 1956 жылы 20 қыркүйекте ақталды.[2]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ энциклопедиясы
- ↑ «Алаш» қозғалысы. Алматы, 2008. ISBN 9965-32-715-7
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — тұлға туралы мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Санаттар:
- 1878 жылы туғандар
- Қостанай уезінде туғандар
- 27 қыркүйекте қайтыс болғандар
- 1938 жылы қайтыс болғандар
- Таразда қайтыс болғандар
- Қазақстан дәрігерлері
- Қазақстан мемлекет қайраткерлері
- Сталиндік репрессия құрбандары
- КСРО-да атылғандар
- КСРО-да ақталғандар
- Қазақстан қоғам қайраткерлері
- Алаш Орда қайраткерлері
- Қазан университеті түлектері