Ұшақ тасығыш
Мына мақаланы не бөлімін Авиатасығыш дегенмен біріктіруге ұсынылған. (Талқылауы) |
Ұшақ тасығыш — ұшақтарды, тікұшақтарды қондырып алып жүретін аса қуатты, ірі соғыс кемесі, авиацияның жылжымалы базасы. Ол ұзақ мерзім бойы мұхит пен теңіз кеңістіктерінде еркін жүзіп жүре алады, әрі ұрыс жүргізуге арналған. Ол өзіндегі ұшақтардың ұшып шығуын, қайта келіп қонуын қамтамасыз ете алады. [1]
Қазіргі заманда оларды соққы беретін, сүңгуір қайыққа қарсы және атом ұшақ тасығыштары деп бірнеше түрге бөледі. Ұшақ тасығыш бортында ядролық оқ-дәрінің көптеген түрі сақталады. Ұшақ тасығыштар 1-дүние жүзілік соғыста (1914-18) қолданылды. 2-дүние жүзілік соғыста (1939-45) ол АҚШ, Жапония, Ұлыбритания флоттарының соққы беретін басты күші болды. Ракета қаруы дамып отырған қазіргі жағдайда ұшақ тасығыш өзінің маңызын жойып келеді, алайда оны америкалық мамандары әзір қарулы күш құрамынан шығаруға болмайды деп есептейді. Алайда қазіргі таңда кемеге қарсы қолданылатын Циркон зымырандарының шығуына байланысты бұл кемелерді қорғау үшін көп қаржы жұмсалуда.
Қазіргі кезде әлемде осы санаттағы 47 кеме бар.Оның ішінде 11 кеме АҚШ-қа тиесілі,екі-екіден Үндістанға,Ұлыбританияға,Қытайға,біреуі Ресейге және Францияға, қалғаны басқа елдерге тиесілі.
Ұшақ тасығыш тізімі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Тақта нөмірі | Название | Мемлекет | Қызметте | Қосымша ақпарат |
---|---|---|---|---|
CVN-68 | «Нимиц» | АҚШ | 03.05.1975 | |
CVN-69 | «Дуайт Эйзенхауэр» | АҚШ | 18.10.1977 | |
CVN-70 | «Карл Винсон» | АҚШ | 13.05.1982 | |
CVN-71 | «Теодор Рузвельт» | АҚШ | 25.10.1986 | |
CVN-72 | «Авраам Линкольн» | АҚШ | 11.11.1989 | |
CVN-73 | «Джордж Вашингтон» | АҚШ | 04.06.1992 | |
CVN-74 | «Джон Стеннис» | АҚШ | 09.12.1995 | |
CVN-75 | «Гарри Трумэн» | АҚШ | 25.07.1998 | |
CVN-76 | «Рональд Рейган» | АҚШ | 12.07.2003 | |
CVN-77 | «Джордж Буш» | АҚШ | 10.01.2009 | |
CVN-78 | «Джеральд Форд» | АҚШ | 31.05.2017 | |
CVN-79 | «Джон Ф. Кеннеди» | АҚШ | ~ 2025 | |
CVN-80 | «Энтерпрайз» | АҚШ | ~ 2029 | |
CVN-81 | «Дорис Миллер» | АҚШ | ~ 2030 | |
CVN-82 | АҚШ | ~ 2034 | ||
CV-16 | «Ляонин» | Қытай | 25.09.2012 | |
CV-17 | «Шаньдун» | Қытай | 17.12.2019 | |
CV-18 | «Фуцзянь» | Қытай | ? [2] | |
CV-19 | Қытай | ? | ||
R08 | «Елизабет патшайым» | Ұлыбритания | 07.12.2017 | |
R09 | «Уэльс ханзадасы» | Ұлыбритания | 10.12.2019 | |
R31 | «Викрамадитья» | Үндістан | 16.11.2013 | |
IAC-1 | «Викрант» | Үндістан | 28.07.2022 | |
IAC-ә | «Вишал» | Үндістан | ? | Үнді әскери-теңіз күштерінің ұшақ тасығыш құрылысы жоспарланған. |
550 | «Кавур» | Италия | 27.03.2007 | |
063 | «Адмирал Кузнецов» | Ресей | 2025[3] | Қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары жүргізілуде. |
R91 | «Шарль де Голль» | Франция | 18.05.2001 | |
911 | «Чакри Нарубет» | Тайланд | 27.03.1997 |
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001
- ↑ Қытай үшінші ұлттық «Фуцзянь» әуе кемесін ұшырды.(қолжетпейтін сілтеме)
- ↑ ТАСС ақпарат көзі адмирал Кузнецовтың жеткізілімін 2025 жылға ауыстыруға рұқсат берді (орыс.) (4 июля 2023).