Мазмұнға өту

Ұлжан Өстенқызы Айнақұл

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет



Айнақұл Ұлжан Өстенқызы
Дүниеге келгені: 15.08.1958
Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарасу ауылы

Айнақұл Ұлжан Өстенқызы - 1958 жылы 15 тамызда Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарасу ауылында туған. Қазақ.

Әкесі - Айнақұлов Өстен. Анасы - Түймебаева Қатипа.

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының музыка факультетін бітірген (1981), орта білім беретін мектепте музыка мен ән пәнінің оқытушысы.

1984 жылдан - «Қызыл Әскер» ауылдық клубының меңгерушісі. 1982-1983 жылдары - Қарасу аулының орта мектебінде ән сабағының оқытушысы. 1985 жылдан - Алматы облысы Жамбыл аудандық Мәдениет үйінің әдіскері.

1988 жылдан бері - Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының солисі.

Халықаралық Жамбыл атындағы сыйлықтың (1996), «Жаңа ғасыр, жаңа ән» конкурсы сыйлығының (2000) лауреаты.

ҚР Еңбек сіңірген әртісі (1996).

Діни көзқарасы - мұсылман.

Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев.

Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Қазақстан әлемдік ауқымда мойындалатын болады».

Сүйіп оқитын әдебиеті - поэзия.

Қызы - Айнақұл Әсем.[1]

Ұлжан Айнақұлова 1958 жылы Алматы облысы Жамбыл ауданы Сарыбай ауылында туған[2]. 1981 жылы қазіргі Қазақ м��млекеттік қыздар педагогикалық университетінің музыка факультетін бітірген. 1982-1986 жылдары Жамбыл аудандық Мәдениет бөлімінде қызмет істеп, «Құлансаз» ансамблінде әнші болды. 1988 жылы Алматы облыстық филармониясының «Сазген саз» ансамблінде, «Адырна» фольклорлық ансамблінде әнші болды. ҚР Еңбек сіңірген артисі.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2
  2. "Қазақтың дәтүрлі 1000 әні", EL production company, Co.Ltd 2010