Мазмұнға өту

Үшкілтас газ кен орны

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет


Үшкілтас газ кен орны
Ел Қазақстан
АймақБатыс Қазақстан облысы
Статусыконсервация
Ашылған уақыты1960 жыл

Үшкілтас газ кен орны — Орталық Каспий маңы аймағындағы газ кен орны. Орал қаласынан оңтүстік-батыста 250 км-де, Жаңақала кентінен солтүстікте 35 км жерде орналасқан. 1960 жылы ашылған.

Геологиялық құрылымы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Апшерон шөгінділері бойынша шектелген Үшкілтас газды құрылымы орталық белігі қиылған, өзімен аттас күмбездің дөңі бетінде жарылым маңында орналасқан қос төбелі брахиантиклин болып табылады. Брахиантиклиннің солтүстік-батыс қанаты лықсымамен күрделіленген.

Жатыс сипаты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Кенорын 38-182 м тереңдіктер аралығында жатқан апшерон жікқабатының құмды қойнауқаттарының таужыныстарынан орын алған. Осында сегіз горизонт бөлінген, қалыңдығы 1-2 м келген осылардың ең төменгісі (сегізіншісі) жікқабаттың тұғырлық қабаты болып табылады. Өзге горизонттардың қалыңдығы 20 м-ге дейін жетеді, сонымен қатар ең үлкен қалыңдық пен алаң бойынша тұрақтылық 4 және 6 горизонттарға тән. Құрылымның көтеріңкі бөлігінде 1-3-қойнауқаттар ұшыраспайды. Кен орнында 24 құрылымдық-іздестіру және 5 терең ұңғыма бұрғыланған. Олардың 11-і (құрылымдықіздестіру) өнімділік аумағында. Ұңғымалар сыналмаған, сондықтан тек бір ұңғыма бойынша (К-24) ғана газ шығымы жөнінде деректер бар, он күндік апаттық бұрқақ атқылаудың нәтижесіндегі газ шығымы 10 мың м3/тәу шамасында бағаланған. Мұнымен қатар бұрғылау процесі барысындагы газ белгілері бұрғылау ерітіндісінің газдануы түрінде тағы да бес ұңғымада байқалды. Газ сынамалау қызметінің деректері (жоғарғы кедергі, мұнай-газ жапсарының жоғарғы мәндері) бойынша қатқабаттардың қанығу сипаты анықталады. Кен орны ҚР балансына енгізілмеген.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1