Үлкен Алматы (өзен)
Үлкен Алматы өзені | |
---|---|
Үлкен Алматы өзенінің жоғарғы ағысы | |
Сипаттамасы | |
Ұзындығы | 96 км |
Су алабының ауданы |
425 км² |
Су алабы | Қаскелең |
Өзендердің су алабы |
Қапшағай бөгені → Іле |
Су ағысы | |
Бастауы | Іле Алатауындағы мұздықтар |
• Биіктігі | 3000-3500 м м |
• Координаттары | 43°00′16″N 77°02′01″E / 43.00444°N 77.03361°E |
Сағасы | Қаскелең өзенінің оң жағы |
• Координаттары | 43°34′15″N 76°54′06″E / 43.57083°N 76.90167°E |
Орналасуы | |
Ел | Қазақстан |
Аймақ | Алматы облысы |
Үлкен Алматы өзені (орыс. Большая Алматинка) – Қаскелең өзенінің оң саласы.
Географиялық орны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Алматы қаласы және Алматы облысы жерімен ағады.
Бастауы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Іле Алатауындағы 3000-3500 м биіктіктегі екі қуатты мұздықтан басталады.
Гидрологиясы, қоректенуі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ұзындығы - 96 км. Су жиналатын ауданы - 425 км2. Биік тау бөлігінде өзен арнасы тік, шатқалды, ені 5,0 - 7,0 м, тереңдігі 0,5 - 0,6 м, төменгі ағасында ені 8 м, тереңдігі 0,5 м. Жылдық орташа су ағымы Тері��бұлақ сағасында секундына 5,0 м3-ге жуық. Мұздық, көп жылдық қар, жауын-шашын суымен толығады. Сел қаупі өте күшті өзендердің бірі. 1921 және 1950 жылы жойқын сел жүрді. Сел қаупіне қарсы осы өзен арнасы басып өтетін Үлкен Алматы көліне бөгет салынған. Қала ішіндегі арнасы бетондалған, Сайран демалыс бөгені жасалған. Өзенде сел қоймасымен 40-метрлiк темiрбетонды бөгет құрастырылған. Үлкен Алматы бойында бірнеше СЭС, санаторийлер, оқушылар демалатын лагерьлер бар.
Өзеннiң негiзгi қоректенуi - жартастар, мұздықтар және мәңгi қарлардың облысы. Аршаның тоғайлары бар биiк тау шалғындары төменде көрiнiп қалады, қылқан жапырақ және жапырақты орманды белдiктер өтедi.
Салалары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ірі салалары: Өткелді, Терісбұтақ (теңiз деңгейiнен 3200 м биiктiкте Іле Алатауының баурайынан басталады, ұзындығы -11 км, су жиналатын ауданы 32,3 км2), Қызылкүнгей, Серкебұлақ, Құмбел, Аюсай. [1]