Мазмұнға өту

Үбі жотасы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Үбі жотасы
Сипаттамасы
Ұзындығы

120 км

Биіктігі

1812 м

Орналасуы

50°37′20″ с. е. 83°19′28″ ш. б. / 50.62222° с. е. 83.32444° ш. б. / 50.62222; 83.32444 (G) (O) (Я)Координаттар: 50°37′20″ с. е. 83°19′28″ ш. б. / 50.62222° с. е. 83.32444° ш. б. / 50.62222; 83.32444 (G) (O) (Я) (T)

Елдер

 Қазақстан, Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы және Риддер қалалық әкімдігіне қарасты жерде

Үбі жотасы (Қазақстан)
Үбі жотасы
Үбі жотасы (Шығыс Қазақстан облысы)
Үбі жотасы

Үбі жотасыКенді Алтайдың батысындағы жота.

Географиялық орны

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы және Риддер қалалық әкімдігіне қарасты жерінде орналасқан.

Жер бедері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 120 км-ге созылып жатыр. Батысынан (600 м) шығысына қарай (1812 м) биіктей түседі. Жота кристалды тақтатас, әктас, граниттен түзілген.

Батыс бөлігіндегі беткейдің етегін дала өсімдіктері, шығысын шыршалы-самырсынды, кей жерлерін көктеректі-қайыңды орман алып жатыр. Кен байлықтарынан қорғасын, мырыш, мыс, құрылыс материалдары өндіріледі.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5