Мазмұнға өту

Құтаншөп

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Құтаншөп
Erodium lebelii
Erodium glandulosum

Құтаншөп (Erodіum)қазтамақтар тұқымдасының бір туысы. Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Мойынқұмда, Шу — Іле таулары, БалқашАлакөл алабы мен Маңғыстау өңірінің тастақты, құмды беткейлері мен жыртылған жерлерде, сайларда, өзеннің құмды жағалауында өседі.[1]

Құтаншөптің 4 түрі бар: үшкір Құтаншөп, Стефанов Құтаншөбі, Геффт Құтаншөбі және қатпарлы Құтаншөп. Бұлар биіктігі 10 — 30 см-дей, бір, екі және көп жылдық тік сабақты (кей түрінің сабағы сәл жатыңқы) шөптесін өсімдіктер.

Тамыры жіңішке, жапырақтары түрлеріне байланысты жай және күрделі болады. Жай жапырақтарының тақтасы 3 — 5 салалы болып, жиектері терең ойықталып келген. Гүлдері қос жынысты, жеке гүлі 5 тостағанша жапырақшадан, қызғылт, күлгін түсті 5 күлтеден, 10 аталықтан, 5 жеміс жапырақшасынан құрылған.[2]

Аналықтың жатыны 5 ұялы, әр ұясында бір тұқым болады. Жеміс пайда болған кезде жеміс жақтауы (аналықтың мойны) құтанның тұмсығы тәрізді өте ұзын болады. Сәуір айынан маусымға дейін гүлдейді. Жемісі — қауашақ. Құтаншөптің бір ерекшелігі — пісіп жетілген жемісі үшкір жағымен бұранда тәрізді өздігінен топыраққа енеді де көктемде өскін береді.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, I том
  2. «Маңғыстау өсімдіктерінің каталогы», Ақтау, 2006;