Мазмұнға өту

Құрбақанас

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Құрбақанас өзені
Сипаттамасы
Ұзындығы 100 км
Су алабының
ауданы
1170 км²
Су алабы Балқаш
Су ағысы
Бастауы Шыңғыстаудың солтүстік-батыс сілеміндегі Шақпақтастың солтүстігі
Сағасы Дағанделі өзені
 • Орналасқан жері Үрпек тауы тұсы
 • Координаттары 48°02′19″ с. е. 78°16′48″ ш. б. / 48.03861° с. е. 78.28000° ш. б. / 48.03861; 78.28000 (G) (O) (Я)Координаттар: 48°02′19″ с. е. 78°16′48″ ш. б. / 48.03861° с. е. 78.28000° ш. б. / 48.03861; 78.28000 (G) (O) (Я) (T)
Орналасуы
Ел  Қазақстан
Аймақ Абай облысы Аягөз ауданы

Құрбақанас – Солтүстік Балқаш алабындағы Бақанас өзенінің саласы.

Географиялық орны

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Абай облысының Аягөз ауданы жерімен ағады.

Шыңғыстаудың солтүстік-батыс сілеміндегі Шақпақтастың солтүстігінен басталып, Үрпек тауы тұсында Дағанделі өзеніне құяды.

Гидрологиясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ұзындығы 100 км, су жиналатын алқабы 1170 км2. Аңғары кең, арнасы тік жарлы. Жауын-шашын және жер асты суымен қоректенеді. Көктемде ғана арнасында ағын болады, жазда құрғап, иірімдерге бөлініп қалады. Алабы - жайылым мен шабындық. Мал мен бау-бақша суарылады.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1974ж., 5 том