Мазмұнға өту

Құлсары

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Қала
Құлсары
Әкімшілігі
Ел

 Қазақстан

Статусы

аудан орталығы

Облысы

Атырау

Ауданы

Жылыой

Қалалық әкімдігі

Құлсары

Әкімі

Қадіржан Аманкелдіұлы Адинов

Тарихы мен географиясы
Координаттары

46°59′00″ с. е. 54°01′00″ ш. б. / 46.98333° с. е. 54.01667° ш. б. / 46.98333; 54.01667 (G) (O) (Я)Координаттар: 46°59′00″ с. е. 54°01′00″ ш. б. / 46.98333° с. е. 54.01667° ш. б. / 46.98333; 54.01667 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1939

Қала статусы

2001[1]

Жер аумағы

40 км²

Климаты

қатаң континенталды

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Тұрғындары
Тұрғыны

65 964[2] адам (2023)

Этнохороним

құлсарылық

Сандық идентификаторлары
Телефон коды

+7 71237

Пошта индексі

060100[3]

Автомобиль коды

06

Басқалары
Әкімдік мекенжайы

Құлсары қаласы, Әбдірахманов көшесі, №27

Құлсары картада
Құлсары
Құлсары
Құлсары картадаЖылыой ауданыМақат ауданыҚызылқоға ауданыАтырауМахамбет ауданыИндер ауданыИсатай ауданыҚұрманғазы ауданыКаспий теңізіРесейМаңғыстау облысыБатыс Қазақстан облысыАқтөбе облысы
Құлсары картада
Құлсары
Құлсары

Құлсары — Қазақстандағы қала, Атырау облысы, Жылыой ауданының және Құлсары қалалық әкімдігінің орталығы.

Географиялық орны

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Облыс орталығы - Атырау қаласына дейінгі ара қашықтығы — 220 км. 1952 жылдан бері Жылыой ауданының орталығы. Темір жол стансасы, құбыр��ар жүйесінің торабы. Қамыскөл көлінің оңтүстік-шығысында орналасқан[4].

1959 1970 1979 1989 1999 2009 2021[5]
12749 16427 19731 32652 38518 51097 64458

Іргесі 1939 жылы осы өңірден мұнай мен газ өндірілуіне байланысты қаланды. Атауы XIX ғасырдың басында осында өмір сүрген және жерленген, ел арасында беделді, көріпкелдігі де бар Құлсары Адай руынан шыққан. Ата шежіресі бойынша Мұңал – Бәйімбет – Сегізбай – Күшік (Ержігіт) – Айғыр – Тінекей – Құлсары.

1934–1938 жылдары аралығында бұл өңірде мұнай кенін іздестіру басталған, мұнай барлау-бұрғылау экспедициясын белгілі жазушы С. Шәріпов басқарған. 1938 жылы Құлсары кеніндегі 10-ұңғыдан мұнай атқылаған. 1939 жылы Құлсары мұнай өңдеу басқармасы құрылды, алғашқы құрылыс салынған жерден халық тұратын үйлер салынды, кейін №1 қазақ ауылдары ескі Құлсары атанды.

Құлсарыдан Ұлы Отан соғысы кезінде миллиондаған тонна мұнай, оған қоса Құлсары мұнай өндіру цехының қасынан шағын бензин зауыты іске қосылып, тікелей майданға бензин жөнелтіліп отырды (бұл бензин зауыты 1952 жылы жабылды).[4]

2024 жылғы елдегі су тасқыны нәтижесінде Құлсары елді-мекені және оның халқы қатты зардап шекті. Зардап шеккен әр баспана үшін 400 мың теңге сұраған Құлсары халқы кейін, сол жылғы мамырда наразылық шараларын ұйымдастырды.[6]

Қала статусы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1954 жылы Құлсары аудан орталығына айналды. 2001 жылы 22-қыркүйек айында №685 ҚР үкіметінің қаулысымен «аудандық маңызы бар Құлсары қаласы» деген статус алды. Бұл күнде Құлсары 60 мыңнан астам тұрғыны бар қалаға айналып отыр.
Вокзал маңы, Автожолшылар, Барлаушылар, Мұнайшылар, Кең Жылыой, Оңтүстік әуежай, Жадырасын, Қарағай, Болашақ, №№1, 2, 2а, 3, 4, 4а, 5, 5а ықшам аудандарға бөлінген.[7]

Экономикасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Бүгінде Құлсары Теңіз кен орнын игеру орталығы болып отыр. Мұнда ірі кәсіпорындардан Мұнай-газ өндіру басқармасы, Оңтүстік Ембі мұнай барлау экспедициясы, мұнай айдау стансасы жұмыс істейді. Қала арқылы Мақат-Бейнеу темір-жолы, Бейнеу-Доссор-Атырау, Құлсары-Мұнайлы, Құлсары-Прорва автожолдары өтеді[4].

Әлеуметтік және мәдени нысандары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • №1 орта мектеп — 1985 жылы В.И.Ленин атындағы орта мектеп салынып пайдалануға берілді.
  • №5 Абай атындағы орта мектеп — 1939 ж. бастауыш, 1940 ж. жеті жылдық, 1942 ж. орта мектеп болып құрылып, оған Абай есімі берілді.
  • №6 орта мектеп — 1952 ж. орыс тілінде оқытатын А.С.Пушкин атындағы орта мектеп болып ашылды.
  • №7 Е.Халықов атындағы орта мектеп — 1959 жылы 8 жылдық, 1977 жылы 10 жылдық мектеп болып ашылды. 2003-2004 жылы жаңа мектеп үйі берілді.
  • №8 орта мектеп — 2014 жылдың қаңтар айында ашылды.
  • №9 орта мектеп — Бұрынғы А.С.Макаренко атындағы мектеп. 1954 ж. 7 жылдық, 1965 ж. дейін сегіз жылдық, 1965 жылы орта мектепке айналды.
  • №13 орта мектеп — 1964 ж. №468 мектеп ретінде іргесі қаланып 2 кластық көлемде ашылды. 1971 жылдан бастап 8 жылдық мектепке ауысты. 1976 ж. бастап Ю.А.Гагарин аты беріліп орта мектепке ауысты.[8]
  • №15 С.Қарабалин атындағы орта мектеп — 1946 жылы бастауыш, 1952 ж. 7 жылдық мектепке айналды. 1953 ж. Г.М.Маленков есімі берілді. 1957 ж. орта мектепке айналып оған А.П.Чехов есімі берілді. 2007 ж. С.Қарабалин аты берілді.
  • №16 Д.Жазықбаев атындағы орта мектеп — 1988 жылы ХІХ-партконференция атындағы мектеп болып ашылды. 1991 жылы Д.Жазықбаев есімі берілді.
  • №18 М.Сатыбалдиев атындағы орта мектеп — 1991 жылы берілді.
  • №19 орта мектеп — әуелі бастауыш мектеп (12.02.1992), одан орталау (1992-1993), кейін орта мектеп болып ашылған.
  • №20 орта мектеп — 1993 жылы қыркүйек айында ашылды.
  • №21 орта мектеп
  • Дарынды балаларға арналған Жылыой мектеп-интернаты — 02.10.2015 ж. құрылған. Биология, химия, физика, математика, информатика пәндері ағылшын тілінде оқытылады.
  • Т.Құлтумиев атындағы балалар саз мектебі — 1966 жылы Құлсары саз мектебі болып ашылды. Мектепке 1990 ж. Т.Құлтумиев аты берілді.
  • Құлсары балалар өнер мектебі — 1989 ж. «Балалар көркемсурет мектебі» болып ашылды. 2002 жылы Құлсары балалар өнер мектебі болып аталды.
  • Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі — 1968 жылы ашылып, 2003 ж. жаңа ғимаратқа көшті.

Мектепке дейінгі мекемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • «Айгөлек» бөбекжай бақшасы — 1987 жылдың желтоқсан айында «Теңізмұнайгаз» акционерлік қоғамына қарасты мекеме болып ашылды.
  • «Айналайын» бөбекжай бақшасы
  • «Аққайың» бөбек��ай бақшасы — «Березка» болып аталып, 1987 жылы пайдалануға берілді.
  • «Анашым» бөбекжай бақшасы
  • «Әйгерім» бөбекжай бақшасы
  • «Әсем» бөбекжай бақшасы — 2008 жылы ашылды.
  • «Балапан» бөбекжай бақшасы — «Буратино» болып аталып, 1965 жылы қазан айында ашылған.
  • «Гүлдәурен» бөбекжай бақшасы — 1989 жылдың 1 желтоқсанында Оңтүстік Ембі мұнай барлау экспедициясы мекемесіне қарасты „Золушка“ атымен қосылды.
  • «Еркем-ай» бөбекжай бақшасы
  • «Жауқазын» бөбекжай бақшасы
  • «Құлыншақ» бөбекжай бақшасы
  • «Қызғалдақ» бөбекжай бақшасы
  • «Салтанат» бөбекжай бақшасы — 1977 жылдан жұмыс істейді.
  • «Өркен» бөбекжай бақшасы

Колледждер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Сафи Өтебаев атындағы Жылыой мұнай және газ технологиялық колледжі
  • Медпрофи колледжі
  • Құлсары гуманитарлық-техникалық колледжі — 1997 жылы Атырау гуманитарлық-техникалық колледжінің бөлімі болып ашылды. 2001 жылдан жеке оқу орны болып құрылды.

Денсаулық ісі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Қамыскөл санаториясы

Діни ұйымдар қызметі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Жылыой мұсылмандар мешіті — 1995 жылы салынған. Жобасын сәулетші Б.Сатиев жасаған. 300 адамға арналған. Ғимараттың көлемі 432 шаршы метр. Ерлер залы 108 шаршы метр, әйелдер залы 72 шаршы метр. Бас мұнарасының биіктігі 15 метр.[9]

Танымал тұлғалар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ерік Сәлімұлы Құрманғалиев- өте сирек кездесетін контратенор сарынды опера әншісі

Қала суреттері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Жеңіс саябағы Құрсай өзені жағалауы. Мешіт
Мечеть
Мечеть

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]