Мазмұнға өту

Қырым Кәмиғалиұлы Ахметов

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
 Басқа мағыналар үшін Ахметов деген бетті қараңыз.


Қырым Кәмиғалиұлы Ахметов
Мансабы: медицинаның ғылымдарының докторы, профессор

Қырым Кәмиғалиұлы Ахметов (16.7.1947 жылы туған, Қостанай облысы) – ғалым, медицинаның ғылымдарының докторы (1992 жылы), профессор (1997 жылы).

Алматы мемлекеттік медицина институтын (қазіргі Қазақ ұлттық медициналық университетті) бітірген (1971 жылы). 1971 – 1976 жылдары Алматыдағы 4- және 1-қалалық ауруханалардың хирургі, 1976 – 1982 жылдары Мәскеудегі КСРО Орталық нейрохирургия ғылыми-зерттеу институттында аспиранты, 1983 – 2001 жылы қазіргі Хирургия ғылыми орталығында, Сызғанов атындағы, аға, жетекші, бас ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі болды. 2001 – 03 жылдары Астанадағы ортопедия және травматология институтында хирург, 2003 – 07 жылдары Ұлттық ғылыми медицина орталығында директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, 2007 жылдан Қазақ Ұлттық медицина академиясының проректоры. Негізгі ғылыми жұмыстары микрохирургия мәселелеріне арналған. Ахметов Қазақстанда тұңғыш рет науқастардың жарақат нәтижесінде денеден бөлініп қалған қолы мен саусағын қайта жалғастырған (ремплантация).

Ол 200-ге жуық ғылыми жұмыстың, оның ішінде 7 монографияның, 4 авторлық куәліктің, 1 патенттің авторы. Ахметовтың жетекшілігімен 10 кандидаттық диссертация қорғалған. Ахметов “Хирургияда жаңа технологияны зерттеп, оны тәжірибеге енгізу” еңбектер топтамасы үшін Қазақстан Мемлекеттік сыйлығын алған (1999 жылы).[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ энциклопедиясы