Мазмұнға өту

Қызылтас (тау, Ақтау таулары)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
 Басқа мағыналар үшін Қызылтас деген бетті қараңыз.
Қызылтас
Сипаттамасы
Тау жүйесі

Ақтау

Ұзындығы

7 км

Ені

2 км

Биіктігі

857 м

Орналасуы

47°52′12″ с. е. 71°33′12″ ш. б. / 47.87000° с. е. 71.55333° ш. б. / 47.87000; 71.55333 (G) (O) (Я)Координаттар: 47°52′12″ с. е. 71°33′12″ ш. б. / 47.87000° с. е. 71.55333° ш. б. / 47.87000; 71.55333 (G) (O) (Я) (T)

Елдер

 Қазақстан, Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы Ақтау ауылының солтүстік-шығысы

Қызылтас (Қазақстан)
Қызылтас
Қызылтас (Ұлытау облысы)
Қызылтас

ҚызылтасАқтау тауларының оңтүстік-батысындағы аласа тау.

Географиялық орны

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы Ақтау ауылының солтүстік-шығысында 16 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 857 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай бойлық бағытта 7 км-ге созылған, енді жері 2 км.

Жер бедері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Беткейі көлбеу төбелерден тұрады. Таудың етегінде қорымтас үйінділері жиналған. Баурайындағы бұлақтардан жылғалар бастау алады. Шығысында Қосшоқы, оңтүстік-шығысында Қотыржал таулары, оңтүстігінде Ақсай, Талдыбұлақ, батысында Жексембі қыстаулары орналасқан.

Қиыршықтасты, қоңыр топырақ жамылғысында жусан, бетеге, боз, селеу, бұталар, т.б. өседі.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5