Қоректік тізбек
Көрініс
Қоректік тізбек[1] — қоректену типімен біріктірілген организмдер жиынтығы.
Топтары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Өндіргіштер - өздігінен қоректенушілер (делдалдар жоқ, мұндай организмдер энергияны тікелей күннен немесе бейорганикалық заттарды тотықтырып алады - фотоавтотрофтар және хемоавтотрофтар).
- Фитофагтар - делдал біреу - өсімдіктер.
- Бірінші реттік зоофагтар - делдалдар екеу - өсімдіктер және фитофагтар.
- Екінші реттік зоофагтар - делдалдар үшеу - өсімдіктер, фитофагтар, бірінше реттік зоофагтар және т.б.
- Бір қоректік деңгейдегі организмның тұтынған энергиясының 10%-ы өтуі мүмкін. Қалған энергия организмнің тіршілік етуіне жұмсалады.
- Ыдыраушылар мен қалдық қоректілер - әр түрлі қоректік деңгей көрсетуі мүмкін. Қурап қалған өсімдіктерді пайдаланғанда олар екінші, фитофагтар өлігінде - үшінші, бірінші реттік өлексесінде - төртінші, т.б. қоркетік деңгей көрсетеді.
- Бір қоректік деңгеймен байланысты емес жануарлар (эврифагтар) бар. Эврифагтар қатарына адам да жатады, себебі, ол өсімдіктерді де және әр түрлі қоректік деңгейдегі жануарларды да тағамға пайдаланады.
Қоректік деңгейлер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Бірнші қоректік деңгей - жасыл өсімдіктер (өндіргіштер) .
- Екінші қоректік деңгей - өсімдік қоректі жануарлар (бірінші реттік тұт��нушылар).
- Үшінші қоректік деңгей - өсімдік қоректі жануарлармен қоректенетін жыртқыштар (екінші реттік тұтынушылар).
- Төртінші қоректік деңгей - екінші реттік жыртқыштар (үшінші реттік тұтынушылар).
- Шірік қоректі организмдер (ыдыратушылар) екінші деңгейден бастап барлық деңгейде кездеседі.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Тағы қараңыз
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Бұл — биология бойынша мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |