Қаңтару
Қаңтару. Етістік мағынасы түсіндірме сөздікте былайша берілген: шөп жегізбес үшін, аттың басын көтере, кекжитіп байлау. «Сәлима ақ боз атты етекке қаңтарып тастап, өзі тастың басына шықты» (3. Ақышев, Достар). Якут тілінде «хантарға» біздің тіліміздегі «тізгін» мағынасында айтылады (Як.-рус. сл., 1972, 479). Сөздің туынды түбірі, якут тілінде, «хантай». Мұның мағынасы — көтеру, басын көтеру. Осы соңғы етістік мағына — алғашқы мағына болу керек те, ал аттың басын көтеріп ұстауға арналған «хантарға» (тізгін) туынды деп қарауға болады. Дәл бсы тұлғалас, мағыналас сәз тек якут тілінде ғана емес моңғол, тунгуоманьчжур тобындағы тілдерде де бар. Мысалы, моңғолдарда «хантра» қатты тартып байлау дегенді білдірсе, маньчжурларда «қаңтара» тізгінді тарту сияқты мағынада қолданылады. (ССТМЯ, I, 375). Сөздің негізгі түбірі осы тілдердің қайсысында болмасын бір буынды «қаң», ал мағынасы — басты кейін қақшиту, көтере үстау екенін де көрсетілген сөздіктерден табамыз.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Бес жүз бес сөз.— Алматы: Рауан, 1994 жыл. ISBN 5-625-02459-6
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|